Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның ісі: айыпталушы 15 жылға сотталды

2814
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/08/photo_100426.jpeg
Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған Қазақстан азаматы Әсел Айтбаеваның ісі бойынша айыпталушы Мұрат Мейірбековке қатысты сот үкімі шықты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Нұр-Сұлтан қалалық соты Мейірбековті кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", - деді судья. 
Мұрат Мейірбеков жаза мерзімін "қауіптілігі жоғары" колонияда өтейді, сондай-ақ жәбірленуші тарапқа моральдық шығын ретінде 10 млн теңге төлеуге міндеттелді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр 5 мамырда Тбилисиде көпқабатты үйлердің ауласынан қазақстандық Әсел Айтбаеваның мәйіті табылған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Комментарии