Хиджаб дұрыс кимегендіктен: Иранда 5 күн нөсер жауып, 12 адам қаза тапты

2468
Adyrna.kz Telegram

Иран мемлекетінде 5 күннен бері нөсер жаңбыр тоқтамай, өз зардабын тигізуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Жәнібек Көпжасар өз facebook парақшасында жазды. 

Ол өз жазбасында Иранда соңғы бес күн бойы нөсер тоқтамай, 12 адамның қазасына әкеп соққанын мәлімдеді.

“Иранда соңғы 5 күн бойы нөсер толастамай, сел жүріп жатыр. Тегеранда 7 адам, Захеданда 5 адам өлген. 45 адам із-түссіз жоғалған, іздеп жатыр. Тегеран, Йазд, Систан мен Белужестан, Хормозган, Керман, Фарс, Бушер облыстарында үйлерді су ағызып, ауыл шаруашылығына өте көп шығын келді.

Иранда соңғы бірнеше жыл құрғақшылық болып, бір тамшы жауын тамбай қойған. Ел басшылығы "әйелдер хиджабты дұрыс кимегендіктен, Құдайдың қаһарына ұшырадық" деп әйелдерді хиджабты дұрыс киюге шақырған. Бұл апатты да солай сипаттайды-ау...”,- деп жазды ол.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер