"Бізге 82 млрд тұратын танктер емес, соңғы сападағы қарулар керек!" - Жәнібек Қожық

2670
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қоғам белсендісі Жәнібек Қожық Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа Қазақстан Қарулы Күштеріне 82 млрдқа танктерді сатып алғанша, соңғы сападағы қаруларды сатып алу қажеттігін назарға алуын сұрады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

"Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың назарына! Қазақстан Қарулы Күштеріне 168 "Арлан" бронды автокөлігін сатып алуға 82 миллиард теңге бөлініпті. Бұл саудаға мен қарсымын. Неге? Себебі, Ресей басқыншылары Украинаға шабуылдағанда ең бірінші танктер мен осындай техникаларынан айырылды. Бұл бізге сабақ болуы қажет. 40 тонналық танкпен гүрілдеп келе жатқаныңда ағаштың түбінде тығылып отырған бала "Джавелин" қаруымен танктің тас-талқанын шығарады. Бізге танктер емес, "Байрактар", "Джавелин" ," "Хаймарс" және ұшақ пен ракетаны атып түсіретін соңғы сападағы қарулар керек. Болмаса жер жыртып егін егіп жүрген шаруаларға 82 миллиард теңгеге 20 мың трактор тегін алып беру керек. Ең болмағанда азық-түліктің бағасы арзандайды", - деп жазды ол өзінің фейсбук парақшасында. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер