Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның құрылу тарихы мен олардың тарапынан атқарылып жатқан шаралар

4134
Adyrna.kz Telegram
10/12/1915-Execution of Austrian spy by Serbian Gendarnes. --- Image by © Bettmann/CORBIS
10/12/1915-Execution of Austrian spy by Serbian Gendarnes. --- Image by © Bettmann/CORBIS

2020 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен арнайы “саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия” құрылды. Алайда оның тарихы тереңнен бастау алған болатын.

1993 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заңы қабылданды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының қиындықтарына қарамастан, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Жаппай саяси қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, ақтау, оларға келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында жаңа заңдар жазылды.

Әрине, бұл көрнекті тұлғалар зор құрметке лайық, сондықтан Қазақстанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен батырларының алдындағы парызын орындау қажет.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығы бойынша 1996 жылғы 30 желтоқсанда 1997 жылды "Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы" деп жариялап, зардап шеккен топтар мен халықтардың құқықтық мәртебесін жақсартуға және белгілі бір өзгерістер орын алатынына уәде берді. Сәл кейінірек, 1997 жылғы 5 сәуірде “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні” белгіленіп, ол жыл сайын 31 мамырда атап өтілетін болды.
1997 жылдың жазында үкімет ХХ ғасырдың 30-жылдары Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударған корей халқына қатысты қосымша жеңілдіктер беру туралы заң жобасын Парламенттің қарауына енгізді. Еліміздің бірқатар азаматтары “Неге қазақтың өзңіде құрбан болған мыңдаған азаматтар тұрғанда, біз басқа елдің жағдайын жасауымыз керек. Әуелі қазақтың тарихы мен бейбіт өмірді сыйлаған тұлғаларының есімі мен ерлігін қалпына келтірейік” деген ұсыныс жасады.

1997 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында депутат С.Қасымовтың басшылығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын кешенді зерделеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамына 22 адам кірді: ҚР Парламентінің депутаттары, тарихшы ғалымдар, ұлттық саясат жөніндегі сарапшылар, демографтар. Комиссия мүшелерінің жұмысы ұлт-азаттық күреске қатысушыларға, сондай-ақ республика аумағынан кетуге мәжбүр болған азаматтар мен олардың ұрпақтарына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының басқа да әлеуметтік топтарына қатысты тарихи деректер мен әділеттілікті қалпына келтіру болды. Комиссия төрағасы Сабыр Қасымов комиссияның проблемаға деген көзқарасы интернационализм қағидаттарына негізделгенін және комиссия Қазақстан аумағында қуғын-сүргінге ұшыраған барлық халықтарды оңалту бойынша жұмыс істейтінін атап өтті.

"Біз құрбандардың барлық санаттарын немесе барлығын дерлік сан жағынан айқындауға тиіспіз", - деді төраға.

1998 жылғы қаңтарда Қазақстан Парламенті Сенатының саяси қуғын-сүргін құрбандарын кешенді зерделеу жөніндегі комиссиясы өзінің алғашқы отырысын Алматыда өткізді. Комиссия мүшелері зерттеудің тарихи шеңберін анықтады. Сол жылы 17 наурызда халық бірлігі мен ұлттық тарих жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Әдебиетшілер, өнер қызметкерлері, дін қайраткерлері, республика өңірлерінің өкілдері қатысты. Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде Қазақстанның зиялы қауымына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, қандай да бір оқиғаларды үлкен жұмыс атқаратынын атап өтті. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін тәрбиелеу көбінесе тарихи білімді насихаттаудың қаншалықты мақсатты жүргізілуіне байланысты екенін ұғындырды. Жиынға тарих және этнография институтының директоры М.Қозыбаев, Археология институтының директоры Қ. Байпақов, жазушылар Әбдіжәміл Нұрпейісов, Сәкен Жүнісов,. академик Жабайхан Әбділдин қатысып, ой бөлісті.
1998 жылғы 22 желтоқсанда алғаш рет "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" ҚР Заңы қабылданып, оған құнды мұрағат құжаттарын жариялау жұмыстарымен айналысу міндеті жүктелді.

Осылайша, 1990-шы жылдардың соңында Қазақстанның орталық және облыстық мұрағаттарының құжаттарын зерттеу бойынша мемлекет пен қоғамдық институттардың кешенді жұмысы басталды.

Қазіргі уақытта мемлекет саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау проблемасына қайта оралды. Нәтижесәнде Қазақстан Республикасы Президентінің "саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жаңа жарлығы шықты. Сол жарлық негізінде репрессия құрбандары мен тарих қойнауындағы беймәлім құпияларды зерттейтін мемлекеттік комиссия құрылды. Олардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері анықталып, атқаратын қызметтері қоса белгіленді.

1. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы арнайы заңнамаларға ұсыныстар әзірлеу;

2. Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын анықтап, зерттеп, саяси ақтауға жататын адамдардың санаттары мен тізімін бекіту;

3. Ақталған адамдарға жерлеу орындарын дайындап, оларды іздестіріп, мәңгі есте сақтау, сонымен қатар тиісті тәртіпте ұстау үшін ұсынымдар әзірлеу;

4. Ақталған азаматтардың құқықтары мен мүддесін қалпына келтіру мәселелерін қарастыра отырып, өтініштер мен шағымдарды қарау.

Зардап шеккендердің жекелеген топтарын оңалту мәселелерін қарастыру үшін 11 арнайы жұмыс тобы құрылды. Олардың барлығы тексеруден өтіп, мұрағат материалдарына қол жеткізе алады. Ашық дерек көздеріне сүйенсек, 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезінде Кеңес заманында Қазақстанда 120 мыңнан астам адам қудалауға үшырап, 25 мың адам ату жазасына кесілген.

Жыл сайын Президенттің жарлығы бойынша 31 мамыр күні Қазақстанда ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар күні аталып өтеді. 2003 жылдан бастап мемлекеттік комиссияның жұмысы нәтижесінде осы санатқа енген азаматтарға мемлекеттің тарапынан арнайы жәдемақы мен өтемақы төленіп отырады. Оның көлемі 14,9 млрд теңгені құрайды.

Бұдан басқа, ақталған азаматтардың, сондай-ақ саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын адамдардың мына тізімде көрсетілген қызметке толықтай құқығы бар:

1. Күзетпен ұстап, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп, жер аударып, арнайы қоныс аударып, мәжбүрлі еңбекке тартылғаны үшін зейнетақы мөлшерін үш есе мөлшерде есепке алу;
2. Оларға ыңғайлы уақытта кезекті еңбек демалысын беру, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алу;
3. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналастырып, оларда мемлекеттің толық қамсыздандыруы;
4. Протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз ету;
5. Оңалтуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алу қызметтері қарасытырлған.

Бұл жүргізіліп жатқан жұмыстың бір бөлігі ғана. Ел басшысынан бастап комиссияға дейін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Айта кетейік, мемлекеттік комиссия жұмысының аралық нәтижелері қоғамға кезең-кезеңімен жеткізіледі. Бұл жұмыс Үкіметтің бақылауында болмақ.

Пікірлер