“Тәрбиені балабақшадан түзеу керек”: белгілі заңгер тұрмыстық күш көрсетумен күресу жолдарын айтты

1145

Тым актуалды тақырыпқа айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты “Адырна” тілшісі білікті заңгер Абзал Құспаннан пікір алған болатын. 

Бұл мәселеге ол:

“Соңғы кездері қоғамымызда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты неше түрлі жантүршігерлік оқиғалар, бейнелер, әр түрлі хабарлар көбейіп кеткені соншалық, осыған қатысты не істеуіміз керек деген мәселе актуалды тақырыпқа айналып отыр. Менің әуелгі жеке пікірім, бұл жерде салдармен күреспестен бұрын, себебін анықтауымыз қажет. Негізгі себептің бірі ретінде мен - надандықты атап өтер едім. Надан адамның портретін қалыптастырған кезде жоғары білімі бар, оқыған, тоқыған адам деп білмеуіміз керек. Ол азамат бір емес бірнеше білімі бар, оқыған болуы мүмкін. Бірақ ол азамат өзінің өткен тарихын білмейді, мәдениетінен бей-хабар және болашағы туралы басын қатырмайды. Әйтпесе болашағын ойлайтын адам, өзінің балаларының анасын осылай қорлай ма? Сондықтан надандықпен күресу қай кезде де, қай елде де өте актуалды мәселе. Менің ұсынысым, әрине дәл қазіргі жағдайда қылмыстық әкімшілік заңнаманы қатайту қажет те шығар, бірақ ол мәселені түбірімен, түпкілікті шешпейді. Ең бірінші кезекте біз бүгіннен бастап мектеп тәрбиесінде, тіпті балабақша деңгейінде тәрбие жұмыстарын қолға алуымыз қажет. Ер азаматтың отбасы алдындағы жауапкершілігі, әйел адамның отбасы алдындағы міндеті, баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі сынды дүниенің барлығы біздің мәдениетімізде бар. Біздің қисса дастандарымыз, ертегі-жырларымыз бұл дүниелермен толы. Осының бәрін баланың санасына сіңіру арқылы біз бұл мәселеден түбегейлі құтыла аламыз. Ал тек заңды қатайту дәл қазіргі жағдайда белгілі бір деңгейде статистикаға әсер етуі мүмкін, бірақ түпкілікті мәселені шешпейді” деп жауап берді Абзал мырза.

https://t.me/adyrnaportal/6021

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket