800-ден астам пойыз вагонының тозығы жетіп, әбден ескірген

4424
Adyrna.kz Telegram

800-ден астам пойыз вагондарының тозығы жетіп, әбден ескірген. Бұл туралы Qazagstan ұлттық телеарнасы мәлімдеді. 

Елорданың ескі вокзалы арқылы тәулігіне 36 пойыз өтеді. Ғимаратқа күніне 12 мың жолаушы келіп кетеді. Жолаушылар үшін қазір екінші не үшінші жолға тоқтаған пойызға жету мұң болып тұр. Себебі вокзалдағы 10 эскалатордың бәрі істен шыққан.

Жолаушылар тунель арқылы немесе биік сатымен жүруге мәжбүр. Оның сыртында арбаға таңылған кембағал жандар үшін арнайы жол да қарасытырлмаған.

 «Эскалатордың бөлшектерін уақытылы әкелмегендіктен, уақыты өткен сайын біз амал жоқ келісім-шартты бұзуға міндеттіміз. Ал ол компанияларды сенімсіз компаниялардың тізіміне енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Шағымдар түсіп жатыр. Бірақ біз қолымыздан келгенше біздің кезекшілеріміз бар, таксилеріне дейін жүктерін жеткізіп көмектесеміз», - деді Нұр-Сұлтан-1 теміржол вокзалының бастығы Ғалым Әбдіханов.

Қазақстан Темір Жолы Ұлттық компаниясының өкілдері бұл маусымдық мәселе дейді. Халық жазда жиі сапарлайтын болғандықтан, тапшылық туындайды.

 «Биыл ел ішіндегі демалыс аймақтарына баратын халық саны артып отыр. Сондықтан билет жетіспеушілігі туындап жатыр. Бірақ жолаушылардан арыз-шағым түссе, соған қарап біз қосымша вагондар тіркеп жатырмыз. Қазір 158 бағыт бойынша пойыздар қатынап жатыр», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директордың маркетинг және сату жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Ерлан Жимайлов.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер