Сайрагүл соты - 1 бөлім
Сондай-ақ, "Оның қылмысы аса ауыр емес" деп бағаланды. Сайрагүлді екі баласынан, отбасынан ажыратпау үшін осындай шешім қабылдаған. Судьяның мұндай шешімге БҰҰ балалар құқығы конвенциясы негізге алған. "Этникалық қазақ ретінде, Қазақстан азаматтығын алуға құқығы бар азамат ретінде оны Қазақстаннан шығарып жіберу жазасы тағайындалмады" деді ол. Cайрагүлдің қорғаушысы, адвокат Абзал Құспан айыптаушы прокурордың сұраған жазасымен толық келісетінін және соттың өте әділетті жүргізілгенін айтты. Мұнда бір ғана адамның тағдыры емес, Қытайда қысым көріп жатқан мыңдаған қандасымыздың өмірі тұрғанын да атап өтті. Осылайша Қазақстан үкіметі Пекиннің Сайрагүлді экстрадициялау туралы өтінішін қабылдамады. Оны әркім әр түрлі бағалауда. Бірі «Сайрагүл Сауытбай шекара бұзбады, сеңді бұзды. Енді Қытайда қысым көрген талай қазақ қашып келеді әлі» - десе, енді бірі «халықтың құқық қорғау органдарына деген құрметі артты» деп жатты. «Сайрагүлдің жеңісі – бүкіл қазақ жеңісі, жасасын қазақ елі!» - деген ұрандар да айтылды сот маңында. Ең бастысы Сайрагүл ісі оң шешімін тауып, айыпталушы елде қалды. Және тілекші болған дүйім жұрттың қуанышында шек болмады. Ақ түйенің қарыны жарылып, ақ тілектердің ақтарылған күні болды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет кездесіп отырған бұл оқиға ел есінде мәгіге қалмақ. Қазақтың бірлігі мен ірілігін дәлелдеген Сайрагүл соты турасында алдағы уақыттарда тағы да тұшымды материалдар жариялайтын боламыз.