Департамент басшысының орынбасары 100 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденген

3555
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/40c9fe5a-245e-45c2-a736-bcd5e1381504.jpeg
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімімен Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Б. Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ, Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешемін деп, ЖШС-не қатысты экологиялық заңнаманы бұзушылықтар туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермеледі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Комментарии