АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Қазақ тарихында ХХ ғасырдың басындағы оқиғаларға көз жүгіртер болсақ күрделі қоғамдық-саяси үрдістердің орын алғанын байқаймыз. Осы кезеңді қоғамдық санада ұлт-азаттық идеяларының күшейіп, ұлттық рухтың оянуына түрткі болған кезең деп айтуға болады. Бұған ұлт жанашырлары – көзі ашық, көкрегі ояу қазақ зиялылары ұйытқы болған еді.
Қазақ халқының бірегейлігін сақтап, ұлтты біріктіру идеясы мен 3000 жылға жуық созылған мемлекеттілік дәстүрді қалпына келтіруді көздеген ұлт-азаттық Алаш атты қозғалыс пайда болды.
Бұл қозғалыс жаңа дәуірдің жаңа талаптарына – Ресей империясының шаруаларын Қазақстанға жаппай қоныстандыру, жергілікті ұлтты ата – бабаларының шұрайлы жерлерінен айыру, байырғы тұрғындарды ығыстыру, дәстүрлі қазақ қоғамы мен шаруашылықты күйрету, орыстандыру және шоқындыру сияқты отарлық саясаттың күшеюіне жауап ретінде қалыптасқаны анық.
1905 жылдан бастап Қарқаралы петициясы арқылы, 1906-1907 жылдары Ресей империясы Мемлекеттік Думасының мінберлерінен Алаш көсемдері қазақ халқын әлеуметік-экономикалық, саяси коллапстан қорғау үшін әртүрлі әрекеттер жасады. Тіпті, 1909 жылы екі рет Ресей империясының депутаты болып сайланған, қазір сүйегі Омбы облысында жатқан, атақты Шәймерден Қосшұғылұлы Осман империясының патшасы Сұлтан Абд ал-Хамидпен 1909 жылы кездесіп, қазаққа жәрдем сұрағаны да тарихта болған оқиға...
Алаш қозғалысының бастауында Жошы ханның тікелей текті ұрпағы Әлихан Бөкейхан сияқты білімпаз, озық ойлы қазақ зиялылары тұрды.
Ұлттың жаршысы болған қазақ баспасөзін ашудан бастаған азаттық идеяларын жалпыұлттық санаға айналдыру жолында қызмет етті. Олар қазақ баспасөзін, үгіт-насихат пен ағартушылық көзі ретінде пайдалана отырып, қазақ халқының тарихи жадын қалыптастыру мен санасын оятуға тырысты. Мысалы, 1907 жылы Санкт-Петербургте алғашқы ұлттық қоғамдық-саяси «Серке» газеті шығарылды. Ол бастапқы кезде татар газеті «Ульфатқа» қосымша ретінде жоғарыда аталған Шаймерден Қосшығұлұлының қамқорлығы мен қаржылай көмегімен шығарылған еді. Бірақ патша өкіметінің қудалауы басталуына байланысты газет жабылып қалды.
Осы бағытта 1913 жылы Орынбор қаласында «Қазақ» атты жалпыұлттық газет дүниеге келіп, болашақ Алаш партиясының арнаулы баспасөз органына айналды. Газет тез арада халықаралық маңызға ие болды. Мысалы, оны Қытай мен Түркия қазақтары жаздырып алатыны жөнінде тың деректер бар. Басылым тіл, әдебиет, тарих және этнография мәселелеріне арналды. Сонымен, қазақ баспасөзі төңерегінде алдыңғы қатарлы ұлт зиялылары топтасып, ұлттық мүддеден туындаған түрлі мәселені көтере отырып, оны халық арасында кең насихаттау арқылы азаттық идеяларын тамшылап болса да санаға сіңіре бастады.
Ресейдегі 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін пайда болған азаттықа деген үміттерін Қазан төңкерісі өшірген соң, ұлттық интеллигенция азаттық идеясының жаңа бір тәсілі мәдени-ағартушылық және саяси жұмысты жандандыруға белсене кірісті.
Осыған байланысты, Міржақып Дулатовтың 1923 жылы Ахмет Байтұрсыновтың 50-жылдығына арнап жазған мақаласында Ақаңның мына бір ойы келтірілген: “Если пришлый элемент окажется в культурном отношении сильнее коренного населения, то со временем последнее должно быть поглощено первым. И наоборот, если оба окажутся в равной мере культурными, тогда только они могут развиваться самостоятельно, существовать на одинаковых правах и сохранить национальный облик свой... Поэтому перед нами во всем своем величин вырастает вопрос о самостоятельном существовании киргизского (казахского-авт.) народа…” (Дулатов М. Ахмет Байтурсунович Байтурсунов // Труды общества изучения Казахстана. – Оренбург, 1923. -Вып.3. – 213 с. (с.5-6).).
АЛАШ ПАРТИЯСЫ ТУРАЛЫ. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы бейберекетсіздік, 1916 жылы қазақтардың тыл жұмысына шақырылуы, 1917 жылы Уақытша үкіметтің құрылуы мен басқа да күрделі мәселелер, ұлт зиялыларының алдына өркениет көшінен тыс қалмауға бағытталған шұғыл шараларды жүзеге асыруды қойған болатын. Олар осы талаптар үдесінен шығу үшін ұлт зиялыларының басын қосып, ұйым құрып, күш біріктіруге деген қажеттілігін туындатты.
1917 жылы наурыз айының ортасына қарай бұрынғы патша үкiметінiң билік органдарының орнына облыстарда, уездерде, болыстықтарда және ауылдарда жаңа құрылған Уақытша үкiметтiң басқару орындары өмірге келе бастайды. Бұл жағдайларға байланысты Азаматтық комитеттермен қатар стихиялы түрде облыс, уезд, болыстық деңгейде қазақ қоғамының мүддесіне қарай әрекет жасайтын Қазақ комитеттерi пайда болды.
Мұндай Қазақ комитеттерiнің құрылуы Ақпан революциясынан кейiнгi кезеңдегi ұлт зиялыларының қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын – мемлекеттiк дербестікке, өзін-өзі басқаруға деген ұмтылысы ретінде дамыды. Бұл ұмтылыс – ұлттық мемлекет болу бағытында жасалған алғашқы қадамның бірі.
Сонымен қатар, қазақ қоғамының мұң-мұқтажын ескеретін, оның талап-тілектеріне қарай қызмет жасайтын, сол тарихи кезеңдегі қоғамдық өмірге, т.б. мәселелерге белсенді араласатын жалпыұлттық саяси партия құру мәселесі де күн тәртібіне қойылған еді. Осы мақсатта 1917 жылдың 1 сәуiрi мен 7 мамыры аралығында облыстық қазақ съездерi ұйымдастырылып өткізілді. 1917 жылдың жазында (21–26 шілде аралығында), Орынборда Бірінші жалпықазақ съезі өтті. Съездiң күн тәртiбiндегі ең басты мәселенiң бiрi «қазақ саяси партиясын жасау мәселесi» еді. Оны құру жөнінде пікірталас та болды. Нәтижесінде партияның атауын «Алаш» деп қою мақұлданды. Бағдарламаның мәтіні 1917 жылы 21 қарашада жалпыұлттық «Қазақ» газетінде жарияланды. Жаңа партияның негізгі мақсаты Ресей демократиялық федеративтік республикасы құрамындағы қазақ автономиясын құру деп есептелді. Әрине, Алаш көсемдерінің түпкі мақсаты дербес мемлекет құру болды.
«Алаш» партиясы бағдарламасының авторлары демократиялық сайлау жүйесін ұсынды. Депутаттар сайлауы жасырын дауыс беру жолымен жалпыға бірдей тең, төте және құпия өткізілуге тиіс болды. Бағдарламада автономияның ұлттық қағида негізінде құрылатыны айтылды. «Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыртуға – еркіншілік» делінген. Бұл «Алаш» партиясының ең демократияшыл, ізгілікті идеяларынің бірі еді. Дін мемлекеттен бөлек болатыны да айтылды. Соған қарамастан ұлттық сот әдет-ғұрыптық негіздерді де есепке алды. Алаш партиясы өз әскерін құру, кедей тұрғындарға көмек көрсету, білім беру ісін жан-жақты дамыту, аграрлық-қоныстандыру мәселесін шешу міндеттерін қойды. Бағдарламада жер қазақ халқының иелігінде деп көрсетіліп, жерді сатудан мүлдем бас тартылды. Сот саласында ежелден келе жатқан билер сотын сақтау мен өкілеттілер сотын пайдалану ұсынылды. Әскери сала бойынша қазақ милициясын құру керек делінді.
Алаш партиясының ел ішіндегі беделі жоғары болды. Оның айқын дәлелінің бірі – 1917 жылдың соңында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қатысуға өткен сайлауда партияның көпшілік дауысқа ие болып 43 депутаттық орынды иеленгені еді. Бұрынғы Ресей империясы аумағанда тіркелген 50 шақты партияның ішінен жинаған дауыс саны жағынан Алаш партиясы 8 орында болды! Тіпті, көрші қырғыздар арасында Пішпек (қазіргі Бішкек-авт.) қаласында Алаш партиясының бөлімшесі ашылып, оған қырғыз халқының аса білімді және көрнекті өкілдері кірді.
Әрине, Алаш батыстық-классикалық түрдегі партия болған жоқ. Жалпыресейлік сайлауға шыққанда Алаш партиясының атынын шықса да, оларда сол партиясының жарғысы, кітапшалары, партия съезінің өткен хаттамалары болмаған немесе сақталмаған. Бүгінше біз ондай құжаттарды мұрағаттарда кездестірмедік... Дегенмен, «Алаш» партиясына деген қажеттілік пен халықтың қолдауын жоққа шығара алмаймыз.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ 1917 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНДА ПАРТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕСІНЕН ҰЛТТЫҚ АВТОНОМИЯ ҚҰРУ ӘРЕКЕТІНЕ КӨШТІ. Большевиктермен жүргізілген келісім ешқандай нәтиже бермеді, өйткені алаш қайраткерлері пролетариат диктатурасы мен тап күресі идеясын ашық мақұлдамады.
Әрине, большевиктер ұлттық мемлекеттердің құрылуынан ғана емес, түркі халықтарының бірігіп кетуінен ашық түрде сақтанды.
1917 жылы желтоқсанда Орынборда Екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде қазақ халқының саяси тағдырына қатысты маңызды құжаттар талқыланды. Съезд Алаш атауымен қазақ автономиялық үкіметінің негізін қалады деуге болады. «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) деген атпен Уақытша халықтық кеңес – үкімет құрылатыны айтылды.
«Алашордаға» қазақ халқына жүргізілетін бүкіл атқарушылық билікті дереу өз қолына алуға» тапсырма берілді. Алаш автономиясының орталығы уақытша Семей қаласы болып жарияланды.
Алаш қайраткерлері, демократиялық қағидаларды ашық ұстана отырып, барлық аз ұлттардың теңдігін жариялады. Алашорданың Уақытша халықтық кеңесі 25 адамнан тұрса, оның 10-ы басқа ұлт өкілдері еді.
Алашорданың Уақытша халықтық кеңесі төрағасын сайлау да демократиялық негізде өтті. Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыбаев өз кандидатураларын ұсынды, бірақ жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша 40 дауыс жинап, алаш қозғалысының белгілі қайраткері, Шыңғысхан ұрпағы Әлихан Бөкейхан үкімет төрағасы атанды.
Алашорда (Алаш автономиясының үкіметі) Азамат соғысы мен Кеңес өкіметін құлату жағдайларында кеңестерге қарсы бірігіп күресу мақсатымен Орынборда Дутовпен одақ жасасты. Омбыдағы уақытша Сібір үкіметімен тығыз қарым-қатынас орнатып, Орал, Сібір, Жетісу казактарымен байланыстырын нығайтты. Сондай-ақ Алашордаға қарулы күштерді құруға жәрдем сұрау мәселелері де қарастырылды. Одақтас болғанымен Колчак үкіметі Алаш автономиясын мойындамады, ол біртұтас «бөлінбейтін» Ресейді қалады. Колчак құрған Сібір Уақытша үкіметі 1918 жылдың қазанында Алашорда қызметіне тыйым салған шешім де қабылдады...
Алаш басшылары елдегі әскери-саяси жағдай, қазақ қоғамы экономикалық дамуының әлсіздігіне байланысты толық автономия алу идеясының қиындық тудыратынын айқын сезінді.
Сонымен, шығатын қорытынды, Алашорда үкіметін мойындату үшін, ұлт зиялылары барлық тәсілді пайдаланды, Еуропа тарапынан Кеңес үкіметі де мойындалмай жатқан заманда (легитимділігі), бұл өте ауыр мәселе еді, сондықтан халықаралық деңгейде хат алмасулар болғандығы деректер ақылы анықталуда (Р.Мәрсековтық хаты. Жапон үкіметіне).
Шын мәнінде, Алашорда үкіметін, «Алаш» партиясын және Алаш автономиясының құрылуын жоққа шығаруға ұмтылған кейбір әріптес-тарихшыларымыз деректердің беткі жағын ғана қалқып алып, терең сараптама жасауға бара бермейді.
ҚОҒАМДА АЛАШ АВТОНОМИЯСЫ ЖӘРИЯЛАНДЫ МА ДЕГЕН ПІКІР ТАЛАСТЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК. Әрине, дәл 1917 жылғы желтоқсан айындағы съезде «Алаш» автономиясы ашық жарияланбаса да, «де факто» ол мемлекет дүниеге келді. Оның бірталай дәлелдері бар.
Бірінші, Әскери қорғаныс жүйесі. Мемлекеттіліктің бір белгісі (атрибуты) ретінде «Алаш» автономиясының милициясы, яғни Алаш әскері құрылды. Ең бірінші министрі болып Ақмола облысы Омбы уезінің тумасы, Омбы кадет корпусының түлегі, Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан капитан (кейін-полковник) Султан Габдулхамит Ныгметоллаулы Тохтамышев (1885-1919) тағайындалады.
1918 жылы 11 маусым күні Әскери кеңес құру жөнінде Алаш Орда үкіметінің қаулысы да шықты: «Образовать при Алаш-Орде Военный совет из трех лиц, возложив на него функции Военного министерства и предоставив ему [право] открывать областные и уездные военные советы при областных и уездных отделах Алаш-Орды. На военный совет возлагается обязанность призывать джигитов для борьбы с большевиками. Председатель А. Букейханов, члены М. Тынышпаев, Х. Г. Габбасов» (Алаш-Орда: Сб. документов. Сост. Н. Мартыненко. -Алма-Ата: Айкап, 1992. -С.109).
1918 жылы 25 маусым күні Алаш Орда үкіметінің төрағасы Алихан Бокейхан Семей уездік управа басшысы Ахметжан Козбагаровка жолдаған хатында Семей уезінде халық милициясын құру туралы бұйрық жібереді: «От каждой волости Семипалатинского уезда постановлено взять по 30 человек в состав отряда милиции. Прошу немедленно опубликовать и собрать их с достаточным количеством лошадей. Милиционеров и лошадей представить в Семипалатинск. Председатель Алаш Орды Алихан» (ЦДНИ ВКО, ф.37, оп.1, д.126, л.2).
Алихан Бөкейхан өзінің 1918 жылғы 18 шілде күні бір хатында қысқа уақыт мерзімінде қазақ жасақтарын құрып, Жетісуға большевиктермен күресу үшін аттану керектігін ашық түрде жазады: «В Семипалатинской и Акмолинской обл. спешно организуются киргизские (казахские-авт.) отряды с казаками и офицерами для похода против большевиков Семиречья. Предлагаем принять участие в походе на Туркестан совместно с казаками и башкирами, о чем даны телеграммы Дутову и Башкирскому правительству… Председатель Алаш-Орды БУКЕЙХАНОВ». (АП РК. Ф.811. Оп.20. Д.298. Л. 116).
Алаш Орданың әскери бөлімінің бастығы Токтамышев Уақытша Сібір үкіметінің әскери министіріне 1918 жылы 12 тамыз күні жазған хатында Алаш автономиясының өз әскері бар екенін білдіре отыра, былай деп хабарлайды: «Совет министров поручил Вам в вопросе формирования Киргизской (Казахской-авт.) армии прийти к соглашению с представителями Алаш-Орды… В настоящее время сформирован в городе Семипалатинск первый Алашский конный полк, в составе 28 офицеров и 750 конных джигитов, который приступил к обучению. Кроме того, в городе Павлодаре собрано 150 джигитов, в Зайсане – 200, в Каркаралинске – 250 и в Усть-Каменогорске – 250» (ГАТО. ф.р-72. оп. 1. д. 5. л. 15-16).
Алаш әскері құрылып, большевиктермен соғысқанына да көптеген дәлел бар. Мысалы, 2018 жылғы жазда Отыншы Альжановтың жолдастары – Жайнақов, Жақыпбаев, Мамытов, Кәдірбеков, Ниязов Аягөзден Алаш қаласына жіберілген бір телеграммасында былай деп жазады: «Мақаншыда большевикпен соғыс болып, Отыншы Әлжан оққа ұшты, Садық Аманжолұлы жараланды. Қазақ азаматтары қару-жарақтың аздығынан жеңілді. Бұл жақтағы большевик әлі күшті. Сібір хүкіметі тез құрал бермесе Жетісу халқы қырылады» (Жас азамат. – 1918. - №4. – 25 август).
Егер де алаш полктері құрылса, егер олар большевиктермен соғысса, сонда Алаш автономиясы болды деп анық айта аламыз! Әскері бар халық – мемлекеті бар халық деген сөз!
Екінші, Автономия астанасы. Семей қаласының бір бөлігі Алаш қаласы болып өзгертіліп, Алаш автономиясының уақытша болса да бір ірі орталығына айнала бастайды. Тіпті, сол кездегі карталарда «Алаш қаласы» деп көрсетіле бастады. Алаш қаласынан нұсқаулар мен қаулылар да шықты. Мысалы, 1917 жылғы желтоқсан Съезінің шешімдері жылдам орындала бастаған: сол желтоқсан айында сайлауға байланысты Алаштың қалалық управасын құру жөнінде Семей қалалық управасының шешімі шықты: «Спешно. 16 декабря 1917 г. На основании положения о выборах в учредительное собрание городскими управами избираются городские участковые по выборам в комиссии…Так как г[ород] Алаш по выборному производству значится 4-м избирательным участком, то Алашской городской управе и надлежит немедленно избрать такую комиссию, чтобы не задержать нормальный ход выборов в учредительное собрание. Заместитель городского головы Гусев» (ЦДНИ ВКО, ф.133, оп.1, д.2, л.3-3об.).
Бір қызығы, екінші күні, яғни 17 желтоқсанда, жаңа құрылған Алаш Управасы Семей қалалық управаға жауабын жылдам дайындап үлгерген: «17 декабря 1917 г. При отношении Семипалатинской городской управы от 13 декабря сего года за №7038 препровожден именной список на 2887 граждан с предложением выставить таковой для обозрения с 15 сего декабря. Между тем, по точному обследованию г[орода] Алаша лиц, имеющих право участия на выборах в учредительное собрание в возрасте от 20 лет имеется более 4000, каковое количество и принимают участие в выборах гласных города Алаша» (ЦДНИ ВКО, ф.133, оп.1, д.2, л.2-2об.).
Тіпті, 19 желтоқсан күні Сайлау комиссиясын да құруға үлгереді және Семей қаласының жартысын Алаш деп ашық атайды: «1917 года декабря 19 дня Алашская (!) городская управа, быв сего числа в заседании своем, выслушав отношение Семипалатинской городской управы от 16 декабря сего года за № 7122 ПОСТАНОВИЛА: Избрать из среды граждан г[орода] Алаша избирательную комиссию по выборам в учредительное собрание в составе следующих лиц: Есембая Абишевича Атамбаева, Джангалия Аллангорова, Беккожи Кулгарина, Павла ЯковлевичаШевченко, Федора Степановича Лучшева, председателем Есембая Атамбаева, секретарем Федора Степановича Лучшева, остальные членами комиссии» (ЦДНИ ВКО, ф.133, оп.1, д.2, л.5.)
Ал 1917 жылы 27 желтоқсан күні Алаш қалалық управасы сайлауға байланысты қосымша комиссияда сайлайды: «1917 года декабря 27 дня Алашская городская управа быв сего числа в собрании ПОСТАНОВИЛА: избрать дополнительную комиссию по выборам в учредительное собрание в составе следующих лиц: Спиридона Георгиевича Гаврилова, Константина Филипповича Гринева, Курманбая Муздубаева, Абдулкадыра Бейсекеева. Городской голова А.Ерыкалов» (ЦДНИ ВКО, ф.133, оп.1, д.2, л.5 об.).
Егер де Алаш автономиясы болмаса, Алаш Орда үкіметі жұмыс жасамаса, қайдан Алаш қаласы пайда болады, қайдан Алаш управасы мойындалады?!
Үшінші, Халықаралық саясат, байланыс. Алашорда үкіметі көрші елдермен, әр түрлі мемлекеттермен, түрлі автономиялармен сыртқы саясатын жүргізе де білген. Мысалы, 1918 жылы Алаш Орда үкіметі Уақытша Сібір үкіметіне бір қызық хат жолдайды: «Между тем Алаш-Орда действует уже как самостоятельное правительство (!) и Председатель ее Совета Избасхов помощнику Начальника Акмолинской городской милиции 13 минувшего сентября, прибывшему по поручению Областного комиссара в канцелярию Совета по делам службы, официально заявляют что Алаш-Орда никаких комиссаров не признает и от Сибирского Временного правительства не зависим» (ГАРФ. Ф.1701. Оп.1. Д.6в. Л.57).
Алашорданы Самара қаласында орналасқан Учредительное собрание ашық мойныдаған: «Жалпы Учредительное собрание жиылысы законмен бекітпекші. «Алашорданы» қазақ жұртының хүкіметі деп танимыз (!) деді. Қазақтың милиция-әскеріне қару-жарақ беру жағынан бұлар тоқтау қылатын емес. Досмұхамедовтер Орал қазағының әскері үшін Самара хүкіметінен 200 мылтық, бірнеше пулемет алып Орынбор арқылы елдеріне жіберіпті. («Жас азамат». – 1918. - №5. – 1 октябрь).
2018 жылғы жазда Алаш автономиясының басшысы Алихан Бокейхан Уақытша Сібір үкіметі басшыларымен де келіссөз жүргізді: «Алашорда бастығы Әлихан Бөкейханов, мүшесі Әлімхан Ермеков Сібір хүкіметімен сөйлесіп жатыр. Алашорданың ұсынған шарттарын Сібір хүкіметінің арасынан шығарған комиссиясы қабылдап, өткізген. Енді тез арада Министрлер Советінде қаралмақшы» (Жас азамат. – 1918. - №3. – 18 август).
Алаш Орданы Уақытша Сібір үкіметі мойындады, бірақ болашақта дербес ел болуына қарсы болғанын да білеміз. Оған дәлел орыстың генерал-майоры Гришин - Алмазовтың 1918 жылғы 26 шілдедегі бір хатыннан көруге болады: «Ввиду того, что правительство «АЛАШ-ОРДА» (!) ръшило совмъстно съ ВРЕМЕННЫМЪ СИБИРСКИМЪ ПРАВИТЕЛЬСТВОМ бороться съ большевиками и повести страну до УЧРЕДИТЕЛЬНАГО СОБРАНІЯ правительство «АЛАШ-ОРДА» постановило создать свою армію; при чемъ не обладая оружіемъ снаряженіемъ, и достаточными средствами на содержаніе Арміи, Правительство «АЛАШ-ОРДА» обрашается къ ВРЕМЕННОМУ СИБИРСКОМУ ПРАВИТЕЛЬСТВУ съ просьбой обезпечить киргизскую Армію инструкторами, вооруженіемъ, снаряженіемъ и всеми видами довольствія. Правительствомъ «АЛАШ-ОРДА» при обсужденія о созданіи Киргизской арміи было решено сформировать 4- конныхъ Корпуса и одну отдъльную дивизію».
Егерде Алаш автономиясы болмаса, Алаш Орда үкіметі әлі жәрияланбаса олар қалай көршілермен байланыс жасайды және алашордалықтар қалайша өздерін жеке мемлекеттей сезінеді («Между тем Алаш-Орда действует уже как самостоятельное правительство (!)»!? Мынадан басқа қандай дәлел керек!?
Төртінші, бүкіл қазақ Алаш Орданы бірден мойындағаны. Алаш автономиясын, Алаш Орда үкіметін сол күндерден бастап бүкіл қазақ мойындай бастады және Алаш Орда үкіметінің атынан оның мүшелері сол мемлекеттің саясатын ашық жүргізді. Мысалы, 1918 жылының басында Сырдарья облысының қазақтары өздерінің съезінде Алаш Орда үкіметінің қызмет бастап кеткенін ашық мойындағанының бір дәлелі: «1918 жылы 6 – 9 январьда Түркістан шаһарінде Сырдария қазақ-қырғыздарының съезі болып өтті. Съезге Сырдария облысының уездерінен келген қазақ-қырғыз өкілдерінің саны 50 шамалы болды. Онда Сырдария облысының өз өкілдерінен бөтен Алаш Ордасынан (!) келген Бақыткерей Құлманов, Тұрағұл Құнанбаев һәм Міржақып Дулатов, онан соң Қоқандағы Түркістан Уақытша хүкіметінен келген өкілдер һәм Орал облысы Темір уезінен келген 3-4 адамдары да болды». («Бірлік туы». – 1918. - №20. – 18 январь).
Бір қызығы, сол кездің қарапайым қазақтары Алаш Орда үкіметінің бар екенін ашық мойындайды, ал біздің тәүелсіз еліміздің кейбір тарихшылары мойындағысы келмейді?!
Бесінші, Алаш автономисының территориясы. Алаш автономиясы өзінің территориясын ашық анықтап алған және сол жерлерде өзінің ішкі саясатын жүрізуге тырысқан. Мысалы, 1917 жылғы желтоқсан айындағы съезде қазақ автономиясының құрамына қазақтар мекендейтін аудандар енуге тиіс екені жөнінде ашық түрде айтылды: «Образовать территориально-национальную автономию областей Букeевской орды, Уральской, Тургайской, Акмолинской, Семипалатинской, Сeмирeченской, Сыр-Дарьинской, киргизских уездов Ферганской, Самаркандской, Аму-Дарьинского отдела, Закаспийской области, смежных киргизских волостей Алтайской губернии, представляющих сплошную территорию с господствующим населением Казак-Киргизского единого происхождения, единой культуры, истории и единого языка». (Государственный архив Томской области (ГАТО). Ф. Р.72. Сибирская областная Дума г. Томск (январь 1918 г., июнь-ноябрь 1918 г.), Оп. 1. Д.3. «Протоколы Военного Совета Временного правительства», Л.7-14).
Кейін большевиктер 1920 жылы Қазақ (Қырғыз) автономиялы республика жасағанда осы аталған өңірлер тұтастай кіргені белгілі (1920-1924 жж.).
Егер Алаш автономиясы осындай өңірлерден құралмаса, 1920 жылы Кеңестік негіздегі Қазақ автономиясын, 1936 жылы – одақтас республика, 1991 жылы – Қазақстан Республикасы осындай аумағымен құралар ма еді?
Алтыншы, басқару жүйесі. Алаш Орда үкіметі өзінің әр өңірден бөлімшелерін құрып, басқару жүйесін жасады. Мысалы, Орынбор казактарының атақты атаманы Дутов та Алаш Орда үкіметі өзінің билігін жүргізіп отырғанын білген және ашық мойындаған. Мысалы, өзінің «Записка о Башкирии, Киргизской степи и Оренбургском крае» деген жазбасында Сібір үкіметінің Ішкі істер министрлігіне 1919 жылғы 26 мамыр күні былай деп хабарлайды: «В настоящее время сформированная Алаш-Орда имеет главным представителем род Букей-хана… Верховный орган управления киргиз Алаш-Орды: она разделяется на восточную, круг ведения которой входит Семипалатинская и Семиреченская области и западную куда включены Уральская область, Букеевская Орда, Мангышлак, Иргизский и Актюбинский уезды Тургайской области». (ГАРФ. Ф.170.1 Оп.1. Д.6в. Л.164-167 об).
1918 жылы 12 маусым күні Алаш-Орда үкіметінің барлық уездер мен облыстарда Алаш Орданың кеңселерін ашу жөнінде қаулысы шығады: «Алаш-Орда управляет территорией автономии Алаш через местные Советы — областные и уездные. 2. Временно состав областных и уездных Советов назначается Алаш-Ордой. 3.Областные и уездные Советы состоят не менее [чем] из трех членов… Председатель А БУКЕЙХАНОВ Члены М. ТЫНЫШПАЕВ, X. ГАББАСОВ» (Алаш қозғалысы. Сб. документов и материалов. Т.2. –А., 2005. -С.173-174).
Алаш Орда үкіметі халықты басқаруда белсене кірісіп кеткенін тағыда бір құжат дәлелдейді: «24 июня 1918 г. Все декреты, изданные советской властью на территории автономии Алаш, признать недействительными.Председатель А.Букейханов» (Алаш Орда. Сб.Документов.-Алма-Ата, 1992.- с.109).
Осындай құжаттар бола тұра, «Алаш Орда жарияланбады» деуге бола ма?
Жетінші, сол кездегі БАҚ-та Алаш автономиясы құрылғанының мойындалғаны 1917 жылдың аяғында ашық айтыла бастаған. Мысалы, «Қазақ» газетінде (31 желтоқсан, 1917 ж.) автономия болудың маңыздылығын түсіндірген редакциялық «Алаш бірлігі» атты мақалада автор атвтономия «де факто» құрылып қойғанын былай деп жазған: «5-13 декабрьде болған Орынбордағы Жалпықазақ (қырғыз) сиезіне жиылған өкілдер автономия туралы тоғыз күн толғанып, жүрегі дірілдеп, буындары қалтырап, бір айдан соң автономияны жәриялауға әрең қауылы қылысты (!)...Енді біз Алаш Ордасын құрған соң (!) ...бір Алаштың баласының қаламасына панамыз» (Қазақ, 1917- №257).
Келесі жылдың көктемінде «Үш жүз» атты газеттің бетінде де (2 наурыз, 1918) Алаш автономиясы жұмысына кірісіп кеткені анық жазылады: «Жалпы қазақ қырғыз сиезі Орынборда декабрьдің 12-сі күні дүние жүзіне Алаш автономиясын келтірген (!)» (Үш жүз. – 1918.-№7).
Сол кезде шығып тұрған «Сарыарқа» атты газетте де редакциялық «Алаш автономиясы һәм совет үкіметі» (22 наурыз 1918 ж) атты мақалада алаш автономиясының ашық жәрияланып қойғанын былай жазады: «Декабрьдің 5-нен 13-не шейін Орынборда болған Жалпы қазақ қырғыз сиезінің қаулысы бойынша тоқтаусыз Алаш автономиясын жәриялаймыз (!)» (Сарыарқа.- 1918-№38)
Омбыдағы Алаш партиясының бас комитетінің жергілікті қазақтарға жасаған үнінен ойымыздың дәлелі ретінде бір үзінді келтірейік: «Азаматтар! Құдай Алаштың тілегін берді. Дұшпан кеудесі басылды, үні өшті. Қозғалмастай күйге түсті. «Алаш Орда» тігілді. Ақ ту көтерілді.… Қара шанырақ «Алаш Орданың» тігілгені – бір уақытта қазақты алға шығарды…Жасасын Алаш Автономиясы!!!».
Егерде сол кездегі бұқаралық ақпарат құралдары Алаш автономиясын мойындаса, қазіргі қазақ газетін оқып жүрген кейбір тарихшылар неге мойындамайды?
Сегізінші, Алаш Орда үкіметі бар екенін Ресейдің дипломаттары да ашық түрде мойындаған. Мысалы, 1918 жылы 26 мамыр күні Чугучактағы Ресей консулы Долбежев Бейжиндегі Ресей елшісі Н.Кудашевке Алаш Орда туралы былай дейді: «Несколько ранее в России под председательством Алихана Букейханова образован Всекиргизский совет Алаш Орды (!)» (АП РК Ф.811, оп.24., д.114, л.12.). Ал енді біздің кейбір замандас, әріптестеріміз неге Алаш автономиясын мойындағысы келмейді?
Тоғызыншы, Кеңес үкіметінің рақымшылығы. ХХ ғасырдың басында ғылымды халыққа қызмет көрсету қажеттілігіне пайдалануға байланысты ескі заман зиялылары мен ғалымдарын Кеңес өкіметі жағына тарту шаралары жүргізілді. Кеңес өкіметі халық арасында зор беделі болған Алаш қайраткерлеріне кешірім жасауды жөн деп тапқан болатын. БОАҚ (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті) Лениннің тікелей нұсқауымен оларды қудаламау туралы мынадай шешім қабылдайды: “На основании постановления Всероссийского Центрального Исполнительного Комитета от 4 апреля 1919 года ВЦИК предлагает Киргизскому и Сибирскому революционным комитетам и Челябинскому губисполкому широко оповестить население о вышеупомянутом Постановлении ВЦИК и разъяснить, что Президиум ВЦИК находит своевременным допустить бывших ЧЛЕНОВ ПРАВИТЕЛЬСТВА “АЛАШ-ОРДА”(!) к советской работе и категорически запрещает преследование за прошлую их деятельность” [ ҚРОММ, 14-қ., 3-т., 4-іс, 11 п.]. Бұл құжаттың маңызы «АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ» деген сөздің арнайы жазылып, мойындалғандығы.
Сонымен, азамат соғысы жылдары Алаш қайраткерлері ақтар жағында күрескенін білеміз. Алашордалықтарды өз қатарына тарту үшін РКФСР БОАК 1919 жылдың наурызында Алашордаға кешірім жариялады. Осы кезде А.Байтұрсынов жетекшілік еткен алашордалықтардың Торғайлық бөлігі большевиктер жағына шыққан еді. Біртіндеп қазақтардың басқа да топтары кеңес билігін қолдай бастады. Большевиктер қазақ автономиясын құру туралы талапты орындады, бірақ пролетариат диктатурасы мен таптық күрес негізінде 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрылды. Большевиктердің ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы жөніндегі ресми құжаттарынан үміттенген алашордашылар 20-жылдардың басында оның жүзеге асу мүмкіндігіне сенді. Алайда Алаш автономиясының басшылары Кеңес өкіметінің сеніміне кіре алмады. Большевиктер жариялаған кешірімдерге (1919, 1920 жылғы) қарамастан, тоталитарлық тәртіптің нығаюымен Алаш қозғалысына қатысушыларды саяси қудалау күшейе бастады.
Егерде Алаш автономиясы болмаса, Алашорда үкіметі құжаттық рәсімделмесе, большевиктер неге кейін оларға рақымшылық жасай бастады!?
Алаш Орда халық кеңесінің мүшесі Дос Мұхамедов 1918 жылы 6 желтоқсан күні бүкіл қазақтарға большевиктердің жағына шығуға ұран тастаған. Сонда Алаш Орданың болған екенін, бірақ советтер жағына шыға бастағанын айтады: «Всекиргизскій народный совътъ «Алашъ-Орды» (!) призналъ совътскую власть въ Россійской Федеративной Республикъ и установилъ съ Совътомъ Народныхъ Комиссаровъ сношенія При совътъ Народныхъ Комиссаровъ надняхъ будетъ образовань Комиссаріать по киргизскимъ дъламъ и въ самомъ непродолжительномъ времени будеть опубликованъ декреть объ автономіи Киргизскаго Края». (Правительственный вестник, 6 декабря 1918. № 15. С. 30).
Оныншы, Кеңес жүйесінің мемлекет ретінде тануы. Егер Алаш автономиясы, Алашорда үкіметі тарихта болмаса (де факто), сталиндік жүйе кімдерді мемлекет ішінен мемлекет құрды деп қудалады? 1920, 1930-жылдары ұлт зиялылары, Алаш қайраткерлері қатаң қуғынға ұшырады. Мыңдаған азаматтар түрмеге қамалып, ату жазасына кесілді. Әрине, олар Алаш автономиясы бар екенін білді және олармен санасты, тіпті – олармен келіссөздер жүргізді. Мысалы, 1918 жылы 19 наурызда Ұлты істері бойынша Халық комиссары И.В. Сталин Семей қаласымен телеграф арқылы хабарласып, Алашорда үкіметінің басшыларын келіссөзге шақырады (Койгельдиев М. Алаш қозғалысы. Екінші кітап.- Алматы, 2017.- 6 б.). Егерде Алаш Орда болмаса, кімге және не үшін И.Сталин Семей қаласына телефон шалды!?
1918 жылы қазақтың зиялылары Алаш автономиясын көрші үкіметтерге мойындатамыз деп қиналып жүргенде, бүгінгі кейбір қазақ зиялыларының «Алаш Орда жарияланбады», «Алаш автономиясы болмады» дегендері – аруақтарға қиянат!
Мысалы, Ақмола облысының бір топ крестьян- гласныйлары Алаш Орда үкіметінің өкілі Ережеп Итпаевқа қарсы шығып, Алаш автономиясын ашқызбайтынын және мойындамайтынын ашық білдірген: «Заявление о вопросе в Сибирскую Областную Думу представителю от Совета министров Временного Сибирского Правительства о решении, киргизской территориальной-автономии Киргизская группа областных гласных через своего представителя гласного Итбаева резко подчеркнула вчера 29 июля в заседании Областного Земского Собрания при вопросе о Сибирской Областной Думе представителю от Совета министров Временного Сибирского Правительства в лице министра юстиции о непоколебимом своем решении, киргизской территориальной-автономии областей Акмолинской, Семиреченской, Семипалатинской, Тургайской, Оренбургской и Ферганской и т.д. и о имении (!) уже у них своего правительства...Учитывая остроту государственного момента, мы гласные крестьяне убедительно просим Сибирское Временное правительство как стража блага народного принять меры соответствующего предостережения в ясно могущем быть осложнении и обострении на местах среди населения из-за понятий территориальной киргизской автономии, не оправдываемой в данное время никакими соображениями в необходимости таковой …30 июля 1918 г. 13 подписей гласных г. Омск» (РГАСПИ Ф.71 Оп.33 д.879 л 321). Сонда бүгінгі алаш ұрпағы Ала автономиясына қарсы болғаны ма?
ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ АВТОНОМИЯ ҚҰРУДЫҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ
Алаш автономиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылуы зор тарихи мән-маңызға ие. Бұл Ресей империясының 1822–1824 жылдардағы отаршылдық саясаты салдарынан үзіліп қалған үшмыңжылдық дәстүрі бар мемлекеттілікті қайта қалпына келтіруге деген талпыныс еді. Қазіргі мемлекеттілігіміздің негізінде осы Алаш автономиясы да тұр деуге толық негіз бар. Оны ашық мойындаумыз керек.
1937–1938 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін – ел тарихындағы қайғылы кезең. Ұлттың бетке ұстар азаматтары, сол кездегі қазақ қоғамының білімді, озық ойлы өкілдері жойылды.
Арыстарымыз идея үшін құрбан болды. Сонысымен тәуелсіздікке деген ұмтылысымызды оятып кетті. Оған ие болудың бақыты біздің буынға бұйырды. «Алаштың» өсиеті – ұлттық тарихи-мәдени бірлігімізді сақтау». Алаш қозғалысының идеялары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ.
Алашорда үкіметі мен Алаш автномиясының құрылуы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы мен мемлекеттілік дәстүрдің жандануына үлкен ықпал етті. Ең бастысы Кеңес үкіметі автономия құру керектігін түсінді. Алаш автономиясы қазақ совет автономиясының құрылуына (1920 ж), кейін оның одақтық республикаға (1936 ж.) айналуына және тәуелсіз Қазақстанның (1991 ж.) жариялануына негіз қалады.
Алаш тарихы – Ресейге бодан болған кезімізден бастап, үздіксіз жалғасын тапқан ұлт-азаттық күресіміздің тағдырлы бір белесі. «Жаным арымның садағасы» деп, шыбын жанын ұлт мүддесі мен азаттық жолына арнаған тұлғаларымыздың алдында бас иіп, рухына тағзым ету – бүгінгі ұрпақтық қасиетті міндеті.
Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы,
ҚР ҰҒА корреспендент-мүшесі, тарих ғылымының докторы, профессор