90 миллион теңге берген: ШҚО тұрғындары арзан қант аламыз деп алданып қалды

3203
Adyrna.kz Telegram

ШҚО-да арзанға қант сатамын деп жұртты алдаған алаяқ 90 млн теңгені қалтаға басқан, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, алаяқ өзін көтерме саудагер ретінде таныстырып, нарықтағыдан әлдеқайда арзан бағаға қант сататындығын жеткізген. Ол азаматтардан алдын ала төлем жасауды сұрап, тауарды тек содан кейін ала алатындықтарын айтты. Бұған сенген Өскемен мен Риддер қалаларының 100-ге жуық тұрғыны әйел адамның шотына 5 мыңнан 4 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде ақша жіберген. Ал арам ойын іске асырған алаяқ хабар-ошарсыз кетті.

«Бір аптаның ішінде осыншама адам алданып отыр. Оларға келтірілген жалпы шығын көлемі 90 млн теңгені құрайды. Күдікті ретінде Өскеменде тұратын 29 жастағы әйел қолға түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді департаменттің баспасөз қызметінің басшысы Татьяна Карпова.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер