АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нора Джеруто кедергілер арқылы 3000 метрге жүгіруден рекорд көрсетіп, жеңіске жетті, - деп хабарлайды "Адырна" порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Джеруто 8:53.02-де мәреге жетті. Чемпион федерацияның баспасөз қызметіне алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
"Әлем чемпионатында жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын және ризамын! Жаңа отанымның туы астында өнер көрсету мүмкіндігін күттім. Бүгін мен әлем чемпионатында Қазақстанға ерекше сыйлық жасап, өзімді көрсеткім келді. Мен табысқа жеттім деп үміттенемін », - деп түсіндірді Джеруто.
Қазақстандық бұл сала бойынша тарихтағы үшінші нәтиже көрсетіп, әлем чемпионатының рекордын орнатты. Нораның айтуынша, мұндай нәтижеге көп еңбек пен ұзақ дайындықтың арқасында жеткен.
"Бұл менің өмірімдегі ең маңызды күндердің бірі болды. Мен бүкіл ұжымның сенімі мен үмітін ақтадым. Біріншіден, отбасыма және Қазақстанға сенім білдіргені үшін ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қазақстан тарапы айтарлықтай қолдау көрсетті. Соңғы бес жылда кедергілерден жүгіру техникасын үйретті. Бұл осы сала бойынша оқытудың ең маңызды кезеңдерінің бірі. Бүгінгі нәтиже – менің ғана емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі. Мен бәрін қолдануға дайынмын. Өз білімімді, тәжірибемді және Қазақстанда жеңіл атлетиканы одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерімді саламын», - деп бөлісті ол.
"Адырна" ұлттық порталы