Қарағандылық белсенді Нұрхан Нұрмаханов өзінің желілік парақшасында балаларының туу туралы куәлігі орысша жазылғаны үшін наразылық танытып, қайта жасатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Нұрхан Нұрмаханов балаларына жергілікті ХҚКО-нан туу туралы куәлік алғанын айтты. Ұнамағаны куәліктегі мәліметтер орыс тілінде ұсынылған екен.
"Неге қазақша жазбайсыз дедім. Олар маған "какая разница" деп қарсы шықты. Басқалары бұлай сұрамайды ғой деді маған. Басқа қазақстар сорлы болғанына мен кінәлі емеспін дедім" деді ол.
Артынша ол құжатты қайта жасатып, қазақ тілді нұсқасын алғанын айтып, халықты қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұратуды, ана тіліміздің мәртебесін өз күшімізбен осылайша көтеруге шақырды.