“Сақ болыңдар, әйелді ұрып өлтіргіш”: Гүлмира Әбіқай үндеу жариялады

3910
Adyrna.kz Telegram
Журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Facebook парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты үндеу жариялады, деп жазады "Адырна" тілшісі. 
Өзінің жазбасында ол қазіргі таңда әйелін ұрып өлтіретін ер азаматтардың көбейіп кеткенін, оларға заң жүзінде қатал жаза тағайындалу керктігін баса айтты:
"Бұл қоғамға не болды? Әйелін ұрып өлтіру деген дерт болып тұр, шынында да бәлкім ондай еркектерді қамай бермей емдеу керек шығар? Әлде, атып тастаймыз ба? Ертең сотталып шыққан соң еркек деген түбі тағы үйленеді, ол әйелін де ұрып өлтірмесіне кім кепіл? Мүмкін педофилдар сияқты ортақ базаға енгізіп, фотосын, аты-жөнін бадырайтып салып қою керек шығар “Сақ болыңдар, әйелді ұрып өлтіргіш” деп… ең құрмаса өзгелерге сабақ болсын" деп жазды ол.
Оның айтуынша  Түркістан облысында білдей  үш отбасының балалары жетім қалған. 29/04 Түркістан обл, Ордабасы ауданында балалардың көзінше анасы, 36 жастағы Үкілай жантәсілім етті. 4 бала жетім қалды. Жетісай ауданында күйеуі әйелін асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді. Әйгерім марқұм 32-де, артында 4 бала жетім қалды. Келес ауданында тағы да өлім орын алған. Марқұмның жасы небәрі 25-те. Артында 2 қызы, ішінде 7 айлық бөпесі кетті.
"Қымбатты Қасым-Жомарт Тоқаев! Отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды күшейту (жұмыс істеу) сіздердің қолда тұр ғой.Осыған дейін бұл тақырыпқа петиция ұйымдастырылды ма есімде жоқ. Қымбатты заңгерлер Камиша Есмухаметқызы, Абзал Құспан үнсіз қалмаңыздар" деп қосты ол.
Пікірлер