АЙГҮЛ ОРЫНБЕК: ҰҚК Бекболатты елге алдырып, қылмыстық іс ашып, жауапқа тартуы керек!

11585
Adyrna.kz Telegram

Уақытысында ұлттық спорттың қаржысы талан-таражға кетіп жатыр, шұғыл тексеру керек деп, дабыл да қақтым! Қамшы ұстап, астындағы «асау аттарды» бағындырып жүрген біраз жігіттер үнсіз отырғанда, етек киген мына мен қаншама шырылдадым!

«Самұрық-Қазына» қор болғанмен, ол қорға қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді! Ал мемлекеттік қаржы ол — халықтың ақшасы! Бекболат Тілеухан Ұлттық спортты құлдыратты, кемшіліктер көп, президенттіктен алып тастау керектігін айтып, талап еткенімде — осындағы біразы маған қарсы шығып, жабылған еді! Қарапайым қызметкерлер бес мың тың теңге пара алғаны үшін — жемқорсың деп жеті жылға қамап қоямыз, ал Елдің қазынасын миллиардтап жеген «сауысқанды» — жәй ғана шетел асырып, үндемей отыра береміз бе?

Әділетті Жаңа Қазақстанымыз қайда қалды? Заң тек —жарлы-жақыбай мен қарапайым халыққа ғана емес, шенді мен шекпенді, бай-бағланға да, жалпы жұртшылыққа бірдей тең дәрежеде қолданылуы қажет! Ел көріп отыр! Қазір осылай заңсыздықтарға көз жұмып, көрмеген кейіп танытсақ — ертең Халық әділдік іздеп күйініп, ашық күреске шығады! Сондықтан әділ қадам — Елдің ынтымағы мен сенімін нығайтып, заңға бағынуына ықпал етеді!

Экс-жаттықтырушы Рамазан мырзаның айтып отырғандары рас болса, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шұғыл түрде Бекболатты елге алдырып, қылмыстық іс ашып, жауапқа тартуы керек! Қайрат Сатыбалдымен тікелей байланысы бар адам жазасыз қалмау керек!

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер