Серік Әбдірахманов: ҰҚК Назарбаевтың жеке мекемесіне айналып кеткен

3431
Adyrna.kz Telegram

Қоғам қайраткері, экс-депутат Серік Әбдірахманов «Сұрауы бар» бағдарламасына берген сұхбатында ҰҚК Назарбаевтың жекеменшік мекемесіне айналып кеткенін айтты деп хабарлайды "Адырна" дереккөзге сілтеп. 

«Қаңтардан бері, міне, жарты жыл өтті. Шындық пен кінәлілердің аты аталған жоқ. Ал қамауға кімдер алынды? Негізгі айыпкерлер емес, орындаушылар. Ұлттық қауіпсіздік комитеті деген Назарбаевтың жекеменшік конторасына айналып кеткен дүние. Сол себептен өзін тарту керек еді. Тарта алмай отыр. Қаралып жатыр ол айыптылар. Сенейік! Қазір қоғамның көңілі сыбайлас жемқорлыққа ауып кетті. Ананы да, мынаны да ұстап жатыр. Анау бір маңқа генерал Ерғожиннің өзінен 3 млрд доллар табылыпты. Қатардағы, саптағы 10-20-шы тұрған ұры жүйесінің өкілі» дейді Әбдірахманов.

Сонымен қатар, экс-депутат Ерғожин туралы мәліметті қайдан алғанын түсіндірді.

«Тергеу орындары ақырын таратып жатыр. Сенімді адамдарым бар. Егер шынайы сыбайлас жемқорлықпен күрес басталса, біздің бюджет доллардың астында қалуы керек. Профицит үстіне профицит, ақшаны қайда жұмсаймыз деген ең басты проблема шығар еді. Ондай жоқ. Қанішерлердің аты аталған жоқ. Демек, барлығы ақырын «тормозбен» кетіп бара жатыр. Бұл Тоқаев үшін өте қауіпті жағдай» дейді Әбдірахманов.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер