Мемлекет басшысының автомобиль жолдарының сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол саласындағы бақылауды күшейтуге, сондай-ақ бейінді нормативтік актілерді өзектендіруге бағытталған бірқатар жүйелі шаралар дайындады.
Атап айтқанда, көлік мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді, ол «Жол активтері Ұлттық сапа орталығы" РМК арқылы елді мекендердегі жолдарды жөндеу сапасына міндетті сараптама енгізуді көздейді. Ол нормативтерге сәйкестікке, сондай-ақ кепілдік кезеңінде ақаулардың пайда болуы үшін техникалық қадағалау мен жобалау ұйымдарының ортақ жауапкершілігін беретін болады.
Айта кету керек, бүгінгі таңда жолдарды пайдалануға бергеннен кейін техникалық қадағалау мен жобалау ұйымдары сапасыз жобалық шешімдер мен ақаулар анықталған жағдайда жауап бермейді.
Қазіргі уақытта заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр.
Бұдан басқа, министрлік автожол саласындағы нормативтердің өзін де өзектендіреді, олардың саны 1200-ге жуық. Олар жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруды, сапаны, мазмұнды және т.б. бақылау мәселелерін реттейді, осы құжаттар бойынша халықаралық тәжірибе мен технологияларды, сондай-ақ қазіргі заманғы материалдарды қолдануды ескере отырып, оларды қайта өңдеу бойынша жұмыс жүргізіледі.
ҚР ИИДМ қосымша ынталандыру шарасы ретінде жол сапасы бойынша облыс әкімдіктерінің рейтингін анықтау әдістемесі әзірленді. Оны жыл соңына дейін бекіту жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 157 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырым республикалық маңызы бар жол, 71 мың шақырым жергілікті маңызы бар жол және 61 мың шақырым елді мекендер көшелерінің жолы.
“Адырна” ұлттық порталы