"Баян Мақсатқызы келісті": Бақытбек Есентаев бостандыққа шығады

1085

Қапшағай қалалық соты сотталған Бақытбек Есентаевтың өтінішін қарады. Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі, кәсіпкер Бақытбек Есентаев мерзімінен бұрын бостандыққы шығады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2016 жылғы 3 қарашадағы үкімімен Есентаев кісі өлтіруге оқталу (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігі) бойынша 9 жылға сотталды. Бас бостандығынан айыру орындарында, жазасын қылмыстық-атқару мекемесінде өтеді.

Қапшағай қалалық сотының хабарлауынша, Есентаев жазасын өтеу кезінде сотқа мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берген.

Прокурор сотталған Есентаевтың өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы мен оның қорғаушысы өтінішхатты толық қолдап, қанағаттандыруды өтінді.  Жәбірленуші Алагөзөва Б.М. және оның өкілі де Б.Есентаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға келісті.

Есентаев жазасын өтеу кезінде 11 сыйақы, 1 айыппұл өтелген, жазаның ½ бөлігін өтеген, яғни 6 жыл 1 ай 2 күн, мінез-құлқының 3 оң дәрежесі бар.

Жасалған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді. Сот үкімімен өндірілген 756 269 теңге процестік шығындар ерікті түрде өтелді.  Қапшағай қалалық сотының 2022 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен сотталған Есентаевтың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Бақытбек Есентаевқа өз әйелін өлтірмек болды деген айып тағылып, 9 жылға сотталған еді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket