7 бала қайтыс болды: TikTok желісіне ата-аналар арыз түсірді

5793
Adyrna.kz Telegram

TikTok әлеуметтік желісі арқылы қауіпті челлендж түсіріп қайтыс болған жеті баланың ата-анасы сот ісін қозғауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

TikTok желісіне қарсы арызданушы ата-аналардан бірден бірнеше сот ісі қозғалған. Олардың балалары қауіпті қара челленджге қатысқаннан кейін көз жұмған. Челендждің шарты мойынға белдікті қысып байлау болған. Қаза тапқандардың отбасы әлеуметтік желінің қауіпті іс-қимыл көрсететін бейне роликтердің таралуына шектеу қоймағанына наразы.

"TikTok әлеуметтік желісі кейбір челлендждерді жарнамалайтын және насихаттайтын болғандықтан, ол өзінің қосымшасында жарияланған және таратылатын бейнелерді бақылауға міндетті. Платформа қауіпті челлендж роликтерінің жарияланбауын, таратылмауын және ұсыныстарда болмауын қамтамасыз етуі керек", - делінген шағымдардың бірінің мәтінінде.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер