Елорда тұрғындарының саны 2035 жылға қарай екі есеге артуы мүмкін - әкім Көлгінов

2791
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов 2035 жылға қарай елордадағы халық санының болжамын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Әкім атап өткендей, бірінші бас жоспар бойынша 2030 жылы халық саны небәрі 800 мың адамды құрайды деп жоспарланған болатын.

"Содан кейін 2010 жылы негізгі жоспар түзетілді, 2030 жылы 1,2 миллион адам болады деп болжанған болатын. Кейінірек мәліметтер астаналықтардың саны 2035 жылы 2,3 миллион адамға жетеді дегенді көрсетті. Бірақ, көріп отырғанымыздай, біз бұл көрсеткіштерге ерте жетудеміз. "Қазір біз бас жоспарды түзетіп жатырмыз. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай мұндай өсу динамикасы сақталса, Нұр-Сұлтан халқының саны екі есеге артады", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Еске салайық, Қазақстан халқының саны 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 19 млн 178,8 мың адамды құрады.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер