Алаяқтық бабымен сотталған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жазасын жеңілдету туралы сот қаулы шығарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы экс-шенеуніктің қорғаушысы Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде жазды.
“Қуанышбек Ысқақовтың жазасының қалған бөлігін бас бостандығынан айыру түрінен шектеу түріне ауыстырды. Қаулы 15 күнде күшіне енеді. Яғни, жазасының қалған бөлігін енді үйінде жүріп өтейді”,- деп жазды қорғаушы.
Бірақ Қуанышбек Ысқақов пробациялық бақылауда болады.
Еске салайық, Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысын басқарған уақытында Арыс қаласына жиналған қайырымдылық қорынан 80 млн теңгені қолды қылды деп айыпталған. 2020 жылдың желтоқсанында қылмысы сот дәлелдеп, Ысқақов 7 жылға түрмеге қамалған болатын.
”Адырна” ұлттық порталы