ҰБТ бойынша орташа көрсеткіш алпыс алты балл болды

2879
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
Биыл ҰБТ бойынша орташа көрсеткіш алпыс алты балл болды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 
Оның айтуынша, 154 мың талапкер екі мүмкіндікті есептегенде ҰБТ-ны 276 мың рет тест тапсырған.
Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады, бұл қатысушылардың жалпы санының 67%-і. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7%-ке жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-і) шекті балл жинай алмады.
"ҰБТ бойынша орташа балл 66 ұпайды құрады. Биыл ең жоғары балл – 139. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады", - деді Емелбаев.
Орталық директоры биыл ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу және ҰБТ ережелерін бұзу саны біршама азайғанын ерекше атап өтті.
”Адырна” ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер