Қыз және қос қозы

2804
Adyrna.kz Telegram

Қағып қалсаң, түбінен асылдың сынығы саулап төгіле беретін қазыналы қапшықтар болады. Фототілші Болат Омарәлиевтің сурет қатталған архивінің тереңіне де ешқашан бойлай алмайсың. Оның бір кадры - өмірдің бір үзігі. Тек кадрының қадірін білетіндер көбірек болса ғой дейсің.

Міне, бүгін ардақты ағамыз аздап сырқаттанып жүргеніне қарамастан, қапшығын қақшып отырып тағы бір құнды дүниені тауып алыпты. Сол баяғы атқа мінген ару... Сол сапар. Қыз бен қос қозы... Қараңызшы енді, осы жай ғана сурет пе? Қойлы ауылдың бойжеткені туралы шағын шығарма емес пе бұл?! Қысқасы, Қайнар Олжай айтқандай, "бір сәт - бүкіл ғұмыр". Алпыс екідегі әпкеміз Үрләй Жүмекова он сегіздегі бейнесін бүгін көріп, ағыл-тегіл егіліп отыр... Тездетіп сауығып кетіңіз, Болат аға! Аттай шауып отырып, бір кездегі өзіңіздің кейіпкеріңіз - сәйгүлік мінген сұлуды көріп қайтыңыз... Сіздің қалаңыздың іргесінде тұрады ол...

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер