Мирзиёев «Жаңа Өзбекстанды» құруға уәде берді

4180
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев тәртіпсіздіктер орын алған Нүкіс қаласына барып, Қарақалпақстан Жоғарғы Кеңес депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды "Адырна" дереккөзге сілтеп. 

Парламент депутаттары және Қарақалпақстан халқының алдында сөз сөйлеген президент конституциялық заң жобасы жалпыхалықтық талқылаудан өтіп, кейін одан әрі жетілдіру үшін заң шығарушы органға өтетінін айтты. Тек осыдан кейін ғана жоба республикалық референдумға шығарылып, бұл сауалға қатысты халықтың еркін дауыс беретінін мәлімдеді.

«Осыдан соң Өзбекстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі», – деп атап өтті Мирзиёев.

Оның сөзінше, ел халқының парызы – бірлік пен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау.

«Конституциялық реформаның басты мақсаты – осы. Біз бірге міндетті түрде Жаңа Өзбекстан мен Жаңа Қарақалпақстанды құрамыз. Осы бағыттағы барлық реформалар мен талқылаулар тек демократиялық жолмен іске асуы керек», – деп қосты ол.

Сондай-ақ Өзбекстан президенті Қарақалпақстан Республикасының құқықтық мәртебесі өзгеріссіз қалуы керек деп санайтынын айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер