Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай енгізді

4516
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/07/dux4b6axcaewfpd.jpg
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  ТЖ режимі 2022 жылдың 3 шілдесі сағат 00.01-ден 2022 жылғы 2 тамыз сағат 00.00-ге дейін енгізіледі.
"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасының аумағында 2022 жылғы 3 шілдедегі 00.01 - ден 2022 жылғы 2 тамыздағы 00.00-ге дейінгі кезеңге төтенше жағдай енгізілсін", - делінген Мирзиеевтің Жарлығында.
Сондай-ақ, ол Қарақалпақстан аумағында ТЖ режимі кезінде 21.00-ден 7.00-ге дейін коменданттық сағат енгізуді бұйырды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Комментарии