Нұртас Адамбай ЛГБТ-ға қарсылық білдіріп, Тоқаевтан "Базз Лайтер" мультфильміне тыйым салуды сұрады

5793
Adyrna.kz Telegram

Танымал продюсер Нұртас Адамбай Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қазақстанда әлі прокатқа шықпаған "Базз Лайтер" мультфильмін көрсетуге тыйым салуды сұрады, деп жазады "Адырна" ұлтық порталы. 

Нұртас Адамбай аталмыш мультфильмде ЛГБТ қатынастары насихатталады деп көпшілік алдында мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, көрсетілімге тыйым салу арқылы балаларды бір жынысты қатынастардан қорғауға болады.

"Осындай фильмдер мен мультфильмдерді көрсетуге тыйым салу еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің үлкен мәселесі деп айтсақ болады. Осындай мультфильмдерді көрсетуге тыйым салып, үлгі болып отырған 14 ел сияқты, біздің мемлекетіміз өзімізге жат құндылықтарды балаларымызға насихаттауға қарсылығын білдіріп,тыйым салу керек. Біз балаларымызды әлі қалыптаспаған сана-сезіміне сыртқы күштердің қолсұғушылығынан сақтауымыз керек. Біз жас көрермен балаларымыз не көріп, не көрмейтініне байланысты жауапкершілікті мойнымызға алуымыз керек. Елімізде соған тыйым салатын заң керек", - деп жазды продюсер өзінің инстаграм парақшасында. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер