Біртанов: "Бұл істің ойдан шығарылғаны бүкіл елге мәлім болады"

693
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов билік денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және интероперабельділік платформасын неліктен іске қоспайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Ulysmedia.kz"-ке сілтеме жасап.

"Рұқсат бермейді [іске қосуға]. Платформа алда-жалда іске қосылар болса, бұл істің басынан аяғына дейін ойдан шығарылғаны бүкіл елге мәлім болады. Бұл құқық қорғау жүйесі мен Қаржылық мониторинг агенттігі үшін ақырзаман, дағдарыс болмақ", – деді Елжан Біртанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ол 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Тергеу органдарының мәліметінше, Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев шетелдік компаниядан жұмыс істемейтін "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және интероперабельділік платформасын" қабылдап, іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланған.

Бұдан бұрын Елжан Біртанов өзінің не үшін айыпталғанын ешкім түсінбейтінін, тіпті судья да айыптың мәнін нақты айта алмайтынын мәлімдеген еді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket