Талдықорған әкімі аспанға не үшін оқ атты?

1775
Adyrna.kz Telegram

Бейсенбіде әлеуметтік желіде Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың аспанға мылтық атқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Осылайша, әкім БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтауды жөн көргені белгілі болды. Әкім журналистер мен блогерлерді демалуға шақырып, нысанаға атудан жарыс ұйымдастырған.

Видео жергілікті Instagram-пабликтерде тарап, талқыға түсті. Кейбір қолданушылар Масабаевтың бастамасын қолдаса, енді бірі әкімге маңыздырақ мәселелермен айналысу керек екенін айтқан.

"Қала әкімі Әсет Масабаев БАҚ қызметкерлері арасында оқ атудан турнир өткізді. Бұл жерде сынайтындай ештеңе жоқ, БАҚ өкілдерінің демалысы. Әкім сонда барып, жергілікті журналистер мен блогерлерді құттықтады. Атыс арнайы аймақта өтті. Осындай іс-шаралар БАҚ-тың рухын, командалық күшін көтеру үшін қажет деп ойлаймын", - деп түсіндірді қала әкімінің баспасөз қызметі өкілдері видеоға қатысты.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер