«Шешендер қазақтарды Тәңіріндей көрді»: Қазақстандық журналист Қадыровқа жауап берді

6678
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық журналист Сергей Пономарев Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың «Ресей Қазақстанды құтқарды» деген үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Рамзан Қадыров Ресей Қазақстанды «егемендігінен айырылып қала жаздаған кезде» құтқарғанын айтады. Вайнахтардың үшінші ұрпағының есте сақтау қабілеті нашар екенін білмеппін. 1944 жылдың ақпанында Кеңес үкіметінің айтуымен 500 мыңға жуық шешен сенімсіз және Гитлер жағына өтуге дайын халық ретінде Қазақстанға азық-түлік пен жылы киімсіз вагондармен жөнелтілді. Қазақтар шешендерді қақаған аязда аш-жалаңаш қатып қалудан сақтап, өздерінің соңғы нанымен бөлісті. Сондай-ақ әлсіреген шешен балаларын балшық үйлеріне паналатты. Бұл халық Қазақстан мен қазақтарды кәдімгідей тәңір тұтты. Біреу Рамзан Ахматұлының жадын жаңартса, ол кем дегенде бір минутқа ұялатын шығар»,– деді ол.

Пікірлер