Жаңаөзенде қаңғыбас иттер 13 жастағы қызға шабуыл жасады

2995
Adyrna.kz Telegram
Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Жаңаөзенде қаңғыбас иттер 13 жастағы қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Лада»-ға сілтеме жасап.

Оқиға туралы жергілікті блогер Ақмарал Байбоз хабарлаған. Оның айтуынша, 13 жастағы қызға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған. Жақын жерде оқиға куәгерлері көмекке жетіп, қаңғыбас иттерді қуып жіберген. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді.

— Балалар ғана емес, үлкендер де көшеге шығуға қорқады. Биліктен шара қолдануын сұраймын, – деп жазды блогер.

Әзірге жасөспірімге шабуыл жасаған иттердің ұсталғаны-ұсталмағаны әлі белгісіз. Дәл осындай жағдай жуырда Ақтөбе облысында да болған. Бұл облыста мектеп оқушысын иттер талап өлтірді.

Биыл 2 наурызда Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Жаңа ережеге сәйкес, айықпас дертке шалдыққан немесе қоғамға қауіпті иттерді ғана жоюға рұқсат етілсе, қалғандары міндетті түрде зарарсыздандыруға тиесілі.

 

 «Адырна» ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер