Қазақстанда қай жерлерде демалуға болады?

2555
Adyrna.kz Telegram

Жер көлемі бойынша 9-шы орында тұрған Қазақстан саяхатшыларға демалуға арналған түрлі көркем жерлерді ұсынады. Қыста шаңғы тебу болса,  жазда көлге шомылу, тауға шығу секілді демалыс түрлерінің бәрі бар.

  Жағажай курортына барғыңыз келсе, Ақтау қаласына барыңыз. Каспий теңізінің жағалауын тамашалаудың өзі адамға күш сыйлайды. Сондай-ақ, бұл қалада бесжұлдызды - “Rixos Water World Aktau” қонақ үйі бар. Қонақтарға арналған фитнес орталықтар, бақшалар, бассейндер мен түрлі мейрамханалар салынған. Күн сайын таңертең таңғы ас ұсынылады. Қонақ үйде үстел теннисі мен теннис ойнауға болады. “Rixos Water World Aktau” - Ақтау әуежайынан 43 км қашықтықта орналасқан. Бағалары бөлмелеріне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Егер, арнайы жекеменшік турлармен Алматы қаласынан барар болсаңыз, 2 адамға 6 күнге шамамен 977000 шамасында көрсетілген. Бұл турдың ішіне мыналар кіреді:

ұшақ бағасы;

қонақ үйге орналастыру;

топтық трансферлер;

тамақтандыру;

медициналық сақтандыру.

  Осыған қарап, турмен барасыз ба, немесе өзіңіз жеке барғанды құп көресіз бе, оны шешу өз еркіңізде.

  Сондай-ақ, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында да демалатын жерлер өте көп. Еліміздің астанасы зәулім ғимараттары мен дамыған инфрақұрылым орталығымен әйгілі болса, ал Алматы қаласы жасыл желектер мен бақтардың көптігімен, биік тауларымен көз тартады. Шаңғы демалысын ұнататындар танымал “Шымбұлақ” курортына баруы керек. Бұл курорт -  Іле Алатауының әсем шатқалында теңіз деңгейінен 2260 метр биіктікте, Алматының орталығынан көлікпен 15 минуттық жерде орналасқан. Бүгінде Шымбұлаққа жаста, кәріде жиі барады.

  Ал бәрімізге танымал Бурабайда демалу құны қанша? borovoe.kz сайтының айтуы бойынша, Бурабайда демалуды кез келген адамның қалтасы көтереді. Саяхат туралы түсінікке ие болу үшін сіз турдың құнын ғана емес, сонымен қатар қаланың өзінде тұруды, жолдың құнын білуіңіз керек. Бурабайдағы шипажайлардың бағасын туроператордан алуға болады, ал енді көлік пен тамақ құнына зер салайық:

  Бензин бағасы бұл жақта қымбат, сол үшін такси құны да соғұрлым көп. Тамақ құнына келер болсақ, ол мейрамханалардың дәрежелеріне байланысты болады. Түскі ас құны шамамен 2500тг құрайды. Ал дүкендердегі азық-түлік бағасы барлық жерде бірдей. Алайда, ақшаңызды үнемдегіңіз келсе, бірден базарға барсаңыз болады. Ол жақтың бағасы дүкендердер қарағанда әлдеқайда төмен. Ал енді Бурабайдығы қонақ-үй мен шипажайлардың бағаларын айта кетейін:

• “Самал” қонақ үйі - 8000тг;

• “Алтын-күл” қонақ үйі - 6000тг;

• “Шучинский» шипажайы - 8500тг;

• “Жасыл орман” шипажайы - 9500тг;

“Алем+” қонақ үйі - 7000тг;

“Жұмбақтас” қонақ үйі - 5500тг.

   Сондай-ақ, “Алтын емел”, “Көлсай”, “Шарын каньоны”, “Таутүрген” секілді жерлер отбасыңызбен шығып демалып, бой сергітіп, тамаша табиғатпен тілдесіп қайтатын көрікті жерлер.  Мысалы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылдық округі құрамындағы ауыл Таутүрген - демалып, бой жазып қайтуға арналған таптырмас жер. Бұл жерде өзіңіз балық аулап, соны қуырып, өзіңіз жей аласыз. Сонымен қатар, ол жақта қонақтарға арнайы киіз үйлер тігілген. Қазақи атмосфераны сезінгіңіз келсе, осы жерге аттаесаңыз болады.

  Ең алдымен демалысқа аттанбас бұрын, бірінші ауа-райы болжамымен танысып алғаныңыз жөн. Сөмкеңізді жинап, Қазақстанның қай жерінде демаламын деп ойлап отырсаңыз, өз қызығушылығыңызға қараңыз. Себебі, Қазақстанда заманауи жерлер де, көне тарихи жерлер де, табиғатпен байланысқа шығатын жерлер де өте көп. Қаражатыңызға сай әр жерде демалуға мүмкіншілігіңіз бар, тек дұрыс бағытты, дұрыс жерді анықтап алсаңыз болғаны.

 

Роза ДӘУЛЕТХАНҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер