300-ден астам алматылық «The finiko» қаржы пирамидасына алданған

2439
Adyrna.kz Telegram
Фото: Baribar.kz
Фото: Baribar.kz

300-ден астам алматылық «The finiko» қаржы пирамидасына алданған. Шығын көлемі 2 млн АҚШ долларына жуық. Яғни, 630 млн теңгеден асады. Бұл туралы  Қаржы Мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір қаржы пирамидасы филиалының басшылары тергеліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа адамдардың қатысы анықталу үстінде. Осыған қатысты құқық қорғау органдары азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады. Айта кетейік, «The finiko» компаниясы елімізде 2021 жылы қаржылық пирамадасы  ретінде танылған.

“Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «The finiko» симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз «The finiko» әрекетінен зардап шексе, агенттіктің сенім телефонына хабарласыңыз”, -  деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Пікірлер