2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын төмендету жайлы ақпарат жалған

2284
Adyrna.kz Telegram
Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Әлеуметтік желілер мен түрлі мессенджерлерде ҚР Президенті Жарлығы бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарынан әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жас болып төмендейді деген  ақпарат жалған болып шықты. Бұл жайлы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:

  "Әйелдердің зейнетке шығуының заңнамамен белгіленген жасы халықаралық және отандық сарапшылар жүргізген зерттеулер нәтижелері мен ұзақ мерзімді актуарлық болжамдарға негізделген, халықаралық практикаға және әлемдегі қалыптасып отырған экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келетінін естеріңізге саламыз. Бекітілген жас мөлшері базалық және ынтымақты зейнетақыны және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді ескере отырып, қазақстандықтар құрметті демалысқа шыққаннан кейін тиісті зейнетақы төлемдерін қалыптастыру қажеттілігімен негізделген.

  Бұл ретте ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқаруда, өйткені оларды тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін, яғни жинақтаушы жүйе енгізілгенге дейін әзірленген еңбек өтілі ескеріледі. Осыған байланысты міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылатын жинақтаушы зейнетақының рөлі артады, зейнетақы жарналарын аудару кезеңі мен мөлшері неғұрлым көп болса, ол соған сәйкес жоғары болады", - деді.

  Осы ретте, ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқарылуда. Себебі, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі, яғни жинақтаушы жүйе тағайындау кезіндегі еңбек өтілі ескеріледі. Соған байланысты зейнетақы жарналарынан қалыптастырылатын жинақтаушы зейнетақының рөлі де артады.

  Айта кету керек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтарға зейнеткерлікке ерте шығуына рұқсат етілген. Яғни, БЖЗҚ-да ерлердің зейнетақы жинақтары 55 жасқа, ал әйелдердікі 52,5 жасқа толғанда, зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие бола алады.

 "Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз: жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады", - деп ескертті ведомство халыққа.

Дәулетханқызы Роза

Пікірлер