Саясаттанушы Самат Нұртаза Ұлытауда болатын ұлттық құрылтай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бұл – тариха оқиға, тарихи факт. Ол ертең кітаптарда елеулі бір оқиға ретінде қалады. Біз қасиетті құрылтай сөзінің мағынасын бұзып алмауымыз керек. Менің түсінуімше, құрылтай – халықтың мұң-мұқтажын айтатын жер. Ол кез келген келеңсіз жағдайды шеше алуы керек. Кезінде ата-балалар ханға өз мұң-мұқтаждарын айтып, мәселелерін шешкен. Алда болатын іс-шарадан күтер үмітім көп. Құрылтайға шақырылған әр адамның артында кішігірім болсын аудитория бар. Сол тұлғалар билік пен халық арасында көпір болулары тиіс. Яғни, жауапкершілікті сезінулері қажет. Егер бір мүше көпшілік алдында өз абыройын төгіп алатын болса, бұл жағдай барлығына әсер ететін болады. Осыны түсінеді деп ойлаймын»,– деді ол.