«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысын ақтап шығарған судья қызметінен кетті

2300

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріпті кінәсіз деп таныған Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотының судьясы Қанат Дүйсембиев қызметінен кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол өз сөзінде қабылданған шешімдермен келіспейтіндігін айтып, сот жүйесінде түрлі шикіліктің бар екендігін мәлімдеді.

«Расында да, өмірімнің 25 жылын заң саласына арнай отырып, кәсіби тұрғыдан жарамсыз болып қалдым. Судьяның тәуелсіздігі әділдігінен, істің мән-жайын зерттеп, оның құқықтық санасы мен бостандығына ешбір әсер етпей сот актісін шығару қабілетінен көрінеді деп ойлайтынмын. Шын мәнінде қалай? Қазақстанда сот шешімдерін қабылдау кезінде судьялардың сот төрағаларына немесе жоғары тұрған органдарға бағынуы мағынасында сот билігінің иерархиялық ұйымы жұмыс істейді. Яғни, маман сот актісін шығарар алдында іс бойынша «анықтама» жасап, өзінің төрағасымен немесе жоғары тұрған органмен келісуі тиіс. Осы ішкі, корпоративтік «ережелерді» сақтамау болашақта судья үшін қудалау және жұмыстан шығару түрінде жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін»,– деп жазды бұрынғы судья.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket