АҚШ билігі қару саудасы ережелерін қатаңдату туралы келісімге келді

3819
Adyrna.kz Telegram
Фото: turaninform.kz
Фото: turaninform.kz

АҚШ-та сенаторлар қаруды сату ережелерін қатаңдату бойынша келісімге келді. Бұл туралы қос партия өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Енді 21-ге толмаған азаматтарға қару сатпас бұрын олардың жеке мәліметтері жіті тексеріледі. Осылайша жалған құжат арқылы қару сатып алу тәртібі жойылады. АҚШ билігінің мұндай шара қабылдауына қару қолданған қайғылы оқиғалардың жиілеп кетуі себеп.

Тиісті заң жобасын өткен аптада өкілдер палатасы бекітті. Енді құжатты Сенат талқылауы тиіс.

“Бұл заң жобасын әзірлеу барысында ауқымды ұсыныстар айтылды. Менің ойымша, заң елге көп өзгеріс әкеледі. Бұл соңғы онжылдықта жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Себебі біздің елде кез келген әлеуметтік өзгерістер үшін уақыт керек. Заң шығарушы жүйеміз солай құрылған”,- деді Brady тобының саясат жөніндегі вице-президенті Кристиан Хейн.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер