Испанияда орман өртеніп, 2000 адам эвакуацияланды

2722
Adyrna.kz Telegram
Фото: Tbn-tv.ru
Фото: Tbn-tv.ru

Испанияның оңтүстігіндегі орман өртеніп Бенахавис қаласынан 2 мың адам эвакуацияланды. Бұл туралы Reuters агенттігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Басылым мәліметінше, өрт Коста-дель-Соль үстіндегі Сьерра-Бермежадағы Пужерра тауының баурайында басталған. Андалусия орман өрттерін бақылау департаментінің (INFOCA) Twitter желісінде бұған ыстық ауа райы мен қолайсыз жел себеп болғаны жазылды.

Билік тұрғындарды кешке эвакуациялауға кірісті, адамдар Малага провинциясының бес ауданынан шығарылды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметі 7 мың адам тұратын шатырлар тіккен, бірақ эвакуацияланғандардың көпшілігі туыстары мен жергілікті қонақүйлерге орналастырылды.

Сонымен қатар, оқиға орнында 200-ден аса өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ,  Коста-дель-Соль аймағындағы басқа қалалардан 100 әскери қызметкер мен 50 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Жалынмен күресу барысында үш өрт сөндіруші зардап шекті, олардың бірі ауыр күйікпен Малага ауруханасына жеткізілген.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер