Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрамына кімдер кірді?

2351
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/zagruzhennoe-42-960x500.jpg?token=5208a68160488264639ce320e3291c09
Қазақстан Президентінің экономикалық ресурстарды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Президент елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға қаулы етті. Комиссия құрамы: Ведомствоаралық комиссияға бір апта ішінде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын Президенттің қарауына енгізу тапсырылды. Бұдан бөлек, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы баяндайтын болады. Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии