Адам дүниеге келгенде Ата-Анасы оған ең алдымен есім береді. Есім адамға ұсынылған бүкіл өмірлік бағыт.
Қазақ Елінің толыққанды Егемен Ел бола алмай жатқанының ең басты себебі бүгінгі қазақтардың өз фамилияларын басқа елдің басып-жаншып күштеп енгізген түрінде жазуында. Себебі аты өзгергеннің өмірі де өзгереді.
Басқыншы елдің басшылығы осыны біліп жасаған. Басқыншы ел неге бұлай жасады? Қазақ екеніңді ұмыттыру үшін. КСРО тарқамағанда Қазақ Елі жоқ болуға даяр еді.
Осылай жасаған Патшалық Ресейдің басқыншылық саясаты әлі күшін жойған жоқ.
30 жыл болды фамилиясын шет елше жазып жүргендер бұны түсінбей келе жатыр.
30 жыл өтті, өзгеріс жоқ.
МЕН ПРЕЗИДЕНТ БОЛСАМ
Бүгін Қазақ Еліндегі мемлекеттік қызметтегі басшылардың бәріне фамилиясындағы ОВ, ОВА, ЕВ, ЕВА деген шетелдік жалғауларын өзгертуге, нақты уақытты белгілеп жарлық берер едім. Және оларға өз жанұя мүшелерінің де фамилиясын Қазақша жаздыруға міндеттер едім.
Қазақ Еліндегі фамилиясын орысша үлгімен жазып жүрген Елге белгілі ғалым, өнер иелерін де фамилиясын Қазақ үлгісінде жазуға міндеттер едім.
Егер менің бұл бұйрығымды орындаудан бас тартқан лауазым иелері табылып жатса, бірден қызметінен босатар едім. Ал ғалымдар мен өнер иелері арасынан сондайлар шығып жатса бүкіл мемлекеттік марапаттарынан Елге теледидар, газеттер арқылы жария түрде айырар едім.
Халыққа қызмет көрсету орындарында ұлты қазақ әр азаматқа мемлекет есебінен Қазақ үлгісіндегі төлқұжатты жасауға бұйрық берер едім
Сонда Қазақ Елі үлкен өзгеріске жол бастар еді.
Қазақтар,
Менің бұл пікірімен келісесіз бе?
Бердалы Оспан