Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылды

2806
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Өскеменде көпқабатты үйде газ жарылып, бір адам жарақат алды. Жарылыс салдарынан бірінші қабаттан бесінші қабатқа дейін терезелер сынған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға 30 мамыр күні көпқабатты үйдің бесінші қабатында болған. 

Жарылыс салдарынан ғимараттың бірінші қабатынан бесінші қабатына дейін барлық терезелер сынған. Сонымен қатар екі пәтердегі бөлме арасындағы қабырғалар қираған. 

"Ауыр жағдайда 1989 жылы туған ер адам жеткізілді. Ол пәтерде жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері пәтерден тұрғындарды эвакуациялады", – деді құтқарушылар. 

Қазір оқиға орнында 25 құтқарушы мен 7 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. 

Бейнежазбаны Телеграм арнамыздан көре аласыз.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер