Петропавл әуежайы үшінші рет сатылымға шығарылады

2569
Adyrna.kz Telegram
Фото: aeroport.kz
Фото: aeroport.kz

Петропавл халықаралық әуежайы үшінші рет сауда-саттыққа шығарылады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов қалаға жасаған жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Azattyq Rýhy"-на сілтеме жасап.

Үшінші конкурсқа әуежай мүлкі бастапқы құны бойынша қойылады.

"Екі байқау өтті. Ешкім сауда-саттыққа шыққан жоқ. Сондықтан біз бұрынғы 5,6 млрд теңге бағасын қайта қоямыз. Төмендетпейміз. Тағы бір байқау жариялануы мүмкін", - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі әуежайды қамтамасыз етуге жыл сайын бюджеттен 200 млн теңгеге дейін қаржы жұмсалатынын, бұл үлкен салмақ екенін атап өтті.

"Әуежай жұмыс істейді. Бірақ авиациялық қауіпсіздік қызметі ол жерде көп нәрсе істеу керек екенін айта береді. Үлкен ұшақтар кешкі уақытта ұшып кетуі үшін қазіргі заманғы мұнай базасы қажет, бұл тасымалдар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал ол инвестициялау арқылы орындалады. Онда көптеген мамандар жұмыс істеуі керек. Өкінішке орай, біз мұндай шығындарды әлі көтере алмаймыз. Бизнесті жүргізетін инвесторлар қажет. Рейстерді зерттеп, халықаралық авиакомпанияларға шығып, тасымалдаушылармен келісіп, ұшақтарға жанармай құю – бұл тұтас бір процесс. Әкімдік мұнымен айналыса алмайды", - деді әкім.

Пікірлер