Шымкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығына орай конференция өтті

2959
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Қазақстан және Өзбекстан арасындағы дипломатиялық байланыстың 30 жылдығына орай «Шынайы бауырластыққа негізделген достық пен туыстық дипломатиясы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өткізілген іс- шараның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ұлтаралық қатынастар және шет елдермен достық байланыстар комитеті арасында түзілген меморандум аясында бауырлас елдер арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру және бірлескен мәдени жобаларды іске асыру.

Ал жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Тауфик Каримов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев арнайы келді.


Сонымен қатар,  Өзбекстанның Министрлер кабинеті жанындағы этносаралық қатынастар және шет елдермен достық байланыстар комитеті төрағасының орынбасары Зафар Шафкатович Ахмедов бастаған 14 өзбекстандық делегация мүшелері келіп қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады.

Бұдан бөлек, конференцияға Түркістан мен Жамбыл облыстары және Шымкент қаласынан зиялы қауым өкілдері қатысты.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер