Қазақстандықтар Тасмағамбетовтің жаңа қызметіне наразылық білдірді

2424
Adyrna.kz Telegram
Фото: zonakz.net
Фото: zonakz.net

Қазақстанның Ресейдегі экс-Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалуына қазақстандықтар наразылық білдірді. Желі қолданушылары аталған гольф-клубтарын кімнің және қандай қаражатпен ашатынына таңғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Azattyq Rýhy" сайтына сілтеме жасап.

18 мамырда Қазақстан гольф федерациясының жаңа президенті болып Иманғали Тасмағамбетов сайланғаны белгілі болды. Бұл ақпарат қазақстандықтардың ашуын келтірді.

"Жақында Қазақстан гольф федерациясының басшысын қайта сайлау туралы ақпарат тарады. Оны кім таңдады? Сол гольфтерін айтпай-ақ, адамдарды ашуландырмаса жақсы болар еді. Олар не айтқысы келді? Гольф клутарын кім салды, оған қаржыны қайдан алды? Бұлар элита ретінде көрінгісі келеді, түптің түбінде қай жерден шыққанын ұмытып кетті ме?  Олар жақсы  деген курорттық орындарды тартып алды, не болмаса біреудің ақшасына салды. Тіпті сол клуб  мемлекеттікі болуы да әбден мүмкін, әйтеуір өз күштерімен салмағаны анық. Бұл гольф клубтарының жері мен мүлкінің иесі кім? Егер мемлекет болса, онда барлық адамдарға арзан бағамен қолжетімділікті қамтамасыз етсін. Ал егер жеке адам ашса, оның мұндай орынды қалай алғанын тексеру керек емес пе? Айтпақшы, Қазақстан Республикасының жер кадастрының сайтында Щучинск маңындағы гольф клубы жерінің меншік құқығы жоқ. Мұны қалай түсінуге болады?", - деп жазды фейсбукте Рүстем Жансейітов.

Желіде комментаторлардың көпшілігі оның сөзін қолдады.

"Қарапайым халық та ойнағысы келеді. Барлығы біздің ақшаға салынған", "Келісемін. Ақырындап бұлар өздерінің "элита" екендерін көрсетіп жатыр. Халық есебінен элитаға арналған нысандар салуды тоқтату керек", "Мұның бюджетпен байланысы бар ма, салықтар толық төленіп жатыр ма, соны білу керек" — делінген пікірлерде.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер