«Қазақстан халқына» Қоры 117 миллион теңгеге экзоскелет сатып алмақ

3470
Adyrna.kz Telegram

«Қазақстан халқына» қоры тірек-қозғалыс аппаратында ақауы бар балаларды роботтандырылған құрылғылармен (экзоскелет) қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық бағдарламасын іске қосты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Техникалық оңалту құралдарын, оның ішінде экзоскелеттерді балалары үшін қажет ететін ата-аналардан 300-ден астам өтініш келіп түсті. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 13 экзоскелет шығару жоспарланса, оның 4-еуі бойынша өлшеу жүргізіліп, өндіріс процесі жанданды»,– делінген хабарламада.

13 баланы экзоскелетпен қамтамасыз ету үшін «Қазақстан халқына» қоры 117 миллион теңге бөліп отыр.

Экзоскелеттер – бұл церебральды сал ауруы, ми жарақаты, жұлын жарақаттары, параплегия, бұлшықет дистрофиясы, Ретт синдромы және басқа да аурулармен ауыратын балалардың өз бетінше қозғалуына көмектесетін заманауи, жоғары технологиялық және тиімді оңалту құралы.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер