Талғар ауданындағы "Құрмет" орденінің иегері, зейнеткер бір бөтелке жағармай көтеріп келіп, әкімдік ғимараты алдында жалғыз өзі пикетке шықты. Ол өзін өртеп жібергісі келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "orda.kz"-ке сілтеме жасап.
Бақтығали Айжігітовке Алматы облысы әкімдігі қоқыс өңдеу зауытын салуға жер берген. Дегенмен берілген жер қауіпті қоқыс алаңы болып шыққандықтан, енді ол жәй зейнеткерден қаскөй заң бұзушыға айналды.
Талғар қаласының белсендісі Клара Хасанова Айжігітовтің Талғар ауданының әкімі мен мәслихат депутаттары тарапынан орынсыз қудаланғанын айтады. Сол себепті де зейнеткер Талдықорғанда жеке пикет өткізген. Оның қолында бір бөтелке бензині болған, оны «әкімдіктегілердің бірі қолынан қағып алған».
Талғар ауданының әкімі Қайдар Әбдіхановтың Айжігітовті сотқа бергені хабарланды. Шамасы, кездесу өтіп кеткен сияқты.
«Әкім қарсылық білдірген адамдарды сотқа береді. Келесі жауапты – мен. Сотқа бармас бұрын мен де жоғарыдағылардың естуі үшін осындай қадамға барамын»,- деп жазды Клара Хасанова Facebook парақшасында.
"Адырна" ұлттық порталы.