“Өзімізді жарылқап алайық”: Зайсан тұрғындары Қытайға газ сатуды тоқтатуды талап етті

3648
Adyrna.kz Telegram
Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында газ мәселесі талқыға түсті. Халық биліктен газды Қытайға сатуды тоқтату керек деген талап қойған. Өйткені, бұған дейін тоқтатылған экспорт қайта жұмысын бастапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Хабар 24” телеарнасына сілтеме жасап.

Арнаның хабарлауынша, халық Зайсандағы мәдениет үйінде жиналған. Айтуларынша, 9 жылға жететін қорды шетелге сату дұрыс емес.

«Ауылдарға неге бермеске, ішіміз ашитыны, алдымен өзімізді жарылқап алуымыз керек, өз ауданымызды, көрші Тарбағатай бар, Күршім, Аягөз, Семей бар, бәрі түтінге қамалып көмір жағып отыр»,- дейді Зайсан ауданының тұрғыны Дәулетбек Мұхиянов. 

Шығыстағы жалғыз газ өндіретін Сарыбұлақ кен орнында мамырдың басына дейін 3,5 млрд текше метр газ өндірілген. Тағы 1,5 млрд текше метр қор қалған. Осы уақытқа дейін өндірілген газдың 95 пайызын Қытай еліне сатқан. Жергілікті тұрғындар 8 жыл игерілген газдың 100 млн текше метрін қолданған.

2022 жылы газ экспорты тоқтатылған. Алайда Тарбағатай Мұнай компаниясы үкіметтен тағы 150 млн текше метрді Қытайға экспорттауға рұқсат сұраған. Министрлік сұраудың жартысына рұқсат берген. Жақында қалған газ қайта экспорттала бастаған. Газ өндіруші компания өз әрекетін шығындарды жабу үшін керек екенімен түсіндірді.

«Бізге өзіміздің жұмыстарды жалғастыруға қажет, мәселен, қандай жұмыстар үшін? Мәселен, ең бірінші газды өндіру жұмысын жалғастыруға, операциялық шығындар үшін керек», - дейді «Тарбағатай Мұнай» ЖШС бас директорының орынбасары Арман Құлжанов. 

Жиналған қауым компанияға қарыздарынан өз бетінше құтылсын, газды экспорттауды тоқтатсын деп талап қойды. Тұрғындардың талаптары жартылай қанағаттандырылып, газ экспорттау уақытша тоқтатылатын болды.

«Министрлік тарапынан 3 бағытта жұмыс істеп жатырмыз +05.22.02 бірінші бағыт қазір Ресей тарапымен жүріп жатыр, Ресей тарапымен келіссөздерді бастадық. +22.41 Екінші бағыт Сарыарқа құбыры салынып болды. Нұрсұлтанға жетті. Қазіргі уақытта Теміртау, Павлодар, Өскеменге тартуға есептеулер жүргізіліп жатыр +22.54 үшінші бағыт сұйытылған табиғи газ деген бар» дейді энергетика министрінің орынбасары Асхат Қасенов.

Ары қарай мәселені жергілікті комиссия шешеді.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер