Украинада соғыс басталғалы 3381 бейбіт тұрғын қаза тапқан

2347
Adyrna.kz Telegram

Украинада соғыс басталғалы бері 3381 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұл туралы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының (БҰҰ БЖКБ) мәлімдемесінде хабарлады. 

Комиссия басқармасының мәліметінше, 24 ақпан мен 8 мамыр аралығында Донецк мен Луганск облыстарының Киев бақылауындағы аумақтарында 1699 адамның қаза тапқаны, 1441 адамның жараланғаны айтылған. Ал Киев бақылауынан тыс аумақтарда 111 адам қаза тауып, 443 адам жараланған.

Украинаның өзге аймақтарында 1571 адам қаза тауып, 1796 адам жарақат алған.

Адам өлімі мен жаралану деректерінің басым көпшілігіне ауыр артиллерия мен дүркін-дүркін зымырандық шабуылдардың жасалуы, сондай-ақ зымырандық және әуе соққылары салдарынан үлкен аумақты қамтитын оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың жарылуы себеп болған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер