Өзбекстаннан алады: Шетелдіктер Қазақстаннан футболшы сұратқан емес

2322
Adyrna.kz Telegram

Шетелдік лигалардағы ойыншылардың саны бойынша елдердің рейтингі жарияланды. Бала кезден  аула футболын дамытқан Қазақстан бұл тізімде жоқ. Ал, Өзбекстан бар, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Зерттеу ең танымал 80 қауымдастық пен 135 футбол лигасының талдауына негізделген.

Бразилия шетелдік лигалардағы ойыншылар саны бойынша көшбасшы болды – бұл елдің шетелдік чемпионаттардағы өкілдігі 1219 ойыншыны құрайды. Франция 978-мен екінші, Аргентина 815-пен үшінші орында.

Қазақстан бұл тізімге енген де  жоқ, тізімнің  соңғы қатарында Өзбекстан орналасқан.

• 20. Украина – 186 ойыншы

• 23. Жапония – 165 ойыншы

• 25. Ресей – 157 ойыншы

• 29. АҚШ – 142 футболшы

• 61. Беларусь – 51 футболшы

• 65. Молдова – 65 футболшы.

• 72. Литва – 31 футболшы.

• 79. Өзбекстан – 25 футболшы.

Бір қызығы, Қазақстан чемпионатының (ҚПЛ) командаларында 14 клубтың сапында 360-қа жуық футболшы өнер көрсетеді, олардың 25 пайызға жуығы шетелдік ойыншылар. Айтпақшы, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ойыншылары ҚПЛ-да легионер болып саналмайды.

Бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасын қарағандылық «Шахтердің» бапкері Магомед Адиев жаттықтыратыны белгілі болған.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясы ел құрамаларының барлық аналитикалық вертикалын құру тапсырылатын маман Вальбуэна Рауль Каноны жұмысқа алу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Sportradar.kz» телеграм-каналы хабарлады.

Ұлттық құраманың бас бапкері міндетін бұған дейін Андрей Карпович атқарса, оның алдында команданы Талғат Байсуфинов басқарды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер