Соғыс ардагері Жеңіс күнін қарттар үйінде қарсы алды

4743
Adyrna.kz Telegram

97 жастағы соғыс ардагері Раиса Сафоничева Жеңіс күнін қарттар үйінде қарсы алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Ғасыр жасаған кейуана майданға 18 жасында аттанған. Оқ пен оттың ортасында жүріп, есту қабілетінен айырылды. Бірақ қайсарлығының арқасында өзіне жүктелген бар міндетті абыроймен атқарған.

«Жеңіс күні – бұл менің мерекем. Осы күнге жету үшін сұм соғысты көрдік. Қиналдық, жыладық бірақ жеңіске жеттік. Қаланы бомбалап жатқанда үйінді астында қалдым. Сонда қиналып демалып жатқанда соғыс әнін шырқай бастадым. Ән айтқанды жақсы көрем, соғыс әндерін ерекше. Бүгінгі бейбітшілікті бағалаңыздар. Қазіргі жастар сұм соғысты көрмесін. Елде тыныштық болсын деп тілеймін. Менде басқа арман жоқ»,— дейді ол.

Раиса Сафоничева 1925 жылы 10 шілдеде Башқұртстанда дүниеге келген. 1944 жылы 4 наурызда өз еркімен майданға аттанды. Минск қаласындағы қысқа мерзімді байланыс курсын аяқтап, Екінші Украин майданына жіберілген. Киев қаласы мен Будапешт маңындағы шайқастарға қатысып, Жеңіс күнін сол жерде қарсы алды. Бүгінде ардагер елордадағы қарттар үйінде тұрады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер