“Біз Ресеймен 400 жыл соғысып келеміз»: Шешендер Ресеймен соғысуда

6453
Adyrna.kz Telegram
Фото: Казбек Куразов/ Facebook-тан алынды
Фото: Казбек Куразов/ Facebook-тан алынды

Украинада соғыс басталғалы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұрыстарға қатысып жатқан «ағалары» туралы белсенді түрде айтып жүр. Бірақ қазір орыс әскеріне қарсы соғысып жатқан шешендер де бар. Шешенстан басшысы оларды «шешентілді шайтандар» деп атайды. Бұл туралы BBC жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазір Ресейге қарсы соғысып жатқан шешендердің көбі бұрын Шешенстанда тұрған. Екінші шешен соғысынан кейін олар Украинаға көшіп, 2014 жылы Луганск және Донецк облыстарына аттанып,  екі ерікті батальон құрды.

«Мұның себебі көп, қысқасы, біз ғасырлар бойы, 400 жыл бойы орыстармен соғысып келеміз», - дейді шейх Мансұр еріктілер батальонының командирі Муслим Чеберлоевский.

Қазір шешендер еріктілер ретінде ғана емес, Украина қарулы күштерінің құрамында да соғысуда. Мысалы, «Crazy Pack» шабуыл жасағының мүшелері.

Алайда мұсылмандар христиан мемлекеті үшін соғыспауы керек деп есептейтін діндарлар оларды сынауда.

"Украина Ресейден келген көптеген мұсылмандарға пана берді. Тіпті Ислам тұрғысынан дұрыс соғыс деп санауға болады. Рұқсат етілген соғыс", - деді әлеуметтік антрополог және Солтүстік Кавказ бойынша сарапшы Денис Соколов.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер