Түркі академиясы «АЛЖИР» музейінде әзербайжандық саяси репресия құрбандарын еске алды

2907
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Халықаралық Түркі академиясы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндеәзербайжандық саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті.

Тағылымды іс-шара түркі әдебиетінің ірі өкілі, Әзербайжан әнұранының авторы, ағарутшы, көрнеті қоғам қайраткері, Ахмед Джавадтың (Джавада Мухаммедали оглу Ахундзаде) туғанына 130 жыл толуына орай ұйымдастырылды.  

«Азаттық ұраншысы» атты еске алу жиынынаХалықаралық Түркі  академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшіcінің кеңесшісі РовшанКазымов, Мемлекеттік тарих институтының директоры Еркін Әбіл, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Амантай Шәріп, «Алжир» мемориалды-мұражай кешені директоры Самат Тергембаев, ҚазақстанЖазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы,әзербайжан диаспорасының өкілдері, сонымен қатар ұйым басшылары, зиялы қауым өкілдері мен көрнекті ғалымдар қатысты.

Тағылымды іс-шараға қатысушылары қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етіп, арнайы «Еске алу қабырғасына» гүлшоқтарын қойды.

Бұдан кейін қатысушылар, музей экспозицияларарымен танысып, осы іс-шара аясында жасалған «АЛЖИР» лагерінде жазасын өтеген әзербайжандықтар туралы тақырыптық көрмені тамашалады. Олардың қатарында А. Джавадтың  1938-1945 жыл аралығында Қазақстанға жер аударылған жары Ахунд-ЗадеШукурия Сулейманқызына арналған экспозиция да бар.

Жиында сөз сөйлеген Академия басшысы Д. Қыдырәлі А. Джавадтың  түркі әлеміндегі орны туралы баяндап берді.  

«Бүгінгі іс-шараның «АЛЖИР» мемориалды кешенінде өтуінің символикалық мәні зор. Ахмед Джавад саналы ғұмырын әзербайжан халқының азаттығына арнаған әрі сол жолда қуғын-сүргінге ұшыраған қайраткер тұлға. Оның аяулы жары Ахунд-Заде Шукурия Сулейманқызы да Қазақстанға жер аударылып, 1938-1945 жылдары «АЛЖИР» лагерінде жазықсыз 8 жыл отырған. А. Джавад тек әзербайжан халқының ғана емес, түркі әлеміне ортақ тұлға. Ол Ахмет Байтұрсынұлы, Мырза Фатали Ахундзаде, Гасан бек Зардаби, Мұстафа Шоқай, Ишеналы Арабаев сынды түркіге тұтқа болған тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол 26-28 жасында азаттық ұраншысы ретінде бауырлас Әзербайжанның мемлекеттік әнұранының сөздерін мәңгіге таңбалады. Оның өміршең шығармалары түркілік сана-сезімнің қалыптасуына зор ықпал етті. Осы кезеңде ол Әзербайжанның тәуелсіздігін ғана емес, сонымен бірге Анадолы мен Түркістан халықтары азаттығының жаршысына айналғаны жалынды жырларында көрініс тапты»,  ̶  деді.

Сонымен қатар, қонақтар назарына көрнекті қайраткер А. Джавадтың өмірбаяны мен жары Ахунд-Заде Шукурия Сулейманқызының естелік сұхбаты туралы деректі фильм ұсынылды.

Жиын соңында қуғын-сүргін құрбандарының рухына арнап Құран бағышталды.

Айта кету керек, биыл Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев А. Джавадтың туғанына 130 жыл толуын атап өту жөнінде Жарлыққа қол қойды. Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы да аталған мерейтойды 2022 жылдың айтулы даталарытізіміне қосып, бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастыруда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер